Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Бурылыстар Шабуылшы қорғаушыдан кету үшін, допты үрып түсіруден жасқану үшін, торға шабуыл алдындағы финт үшін пайдаланады. Бүрылыстың екі әдісі бар: алға және артқа. Алға бүрылу баскетболшы бетімен қараған жаққа қарай адым- даумен ал артқа бүрылу оның арқасына қарай қадамдаумен орындалады. Допты иемдепу әдістері. Допты иемдену әдісіне мына әдістер жатады: қағып алу, беру, жүргізу және допты торга салу. Допты қагып алу. Қағып алу-ойыншы оның көмегімен допты сенімді иемденіп және онымен одан ары шабуыл амалдарын поддана алатын әдіс. Допты қағып алу келесі доп беру, жүргізу, салу үшін бастапқы қалып болып табылады, сондықтан қимыл құры- лымен келесі амалдарды дәл және қолайлы орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Допты әлі ұстамаған ойыншы оны кімге және қайда бере- тін жағына қарай қарау керек. Бүл периферикалық көру арқасында мүмкін болады, өйткені орталық көру допқа бағытталуы тиіс. Баскетболшы допты орнында түрып күту ережесін емес, оған қарсы шығып, күтіп алуы тиіс. Допты қағып алудың белгілі бір әді- сін немесе оның басқа түрлерін таңдап, ойыншының ұшып келе жатқан допқа қарауы, ойыншының қозғалыс өзгерісіне, доп үшуы мен биіктігінің өзгерісіие байланысты болады. Допты екі қол.мен қагып алу. Допты иемденудің ең қара- пайым және ең сенімді әдісі екі қолмен қағып алу болып есептеледі. Дайындық кезеңі: егер доп ойыншыға кеуде немесе бас деңгейінде жақын келсе, онда допқа қарай қол созып, саусаққа күш салмай, құйылма түрінде, доптың көлемінен үлкендеу мөлшерде болуы тиіс. 48

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==