2.2 Баскетболіпының алавдағы қозғалысы шабуыл әдістері Баскетболшының алаңдағы қозғалысы шабуыл міндеттерін піспіуге бағытталған және нақты ойын ережелерін іске асыру барысында қалыптасқан әрекеттердің бутін жүйесінің бөлігі болып габылады. Олар - баскетбол әдістерінің негізі. Алаңда қозғалуы үшін баскетболшы жүруді, жүгіруді, секіруді, гоқтауды, бүрылысты пайдаланады. Осы амалдардың көмегімен ол орынды дүрыс таңдай алады, оны бақылаушы қарсыласьтнан ажы- раіі алады, келесі шабуыл үшін керекті бағытқа шыға алады, басқа амалдарды орындау үшін жақсы үйлескен бастапқы қалыпқа жете алады. Бүдан бөлек, доппен орындалатын көптеген әдістік амал- дардың: секіріп және қозғалыстан доп беруде, секіріп жүргізу, алдап оту және лақтыруда, т.б. әсерлілігі қозғалыстағы дүрыс аяқ жүмыс- тарынан және тепе-теңдікті сақтауға байланысты болады. Ойындағы жүру қозғалыстағы басқа амалдарға қара-ғанда сирек қолданылады. Ол ең бастысы қысқа үзілісте орнын ауыст ыру үшін немесе ойын әрекеттерінің қарқындылығын төмендету үшін, сондай-ақ қимыл ырғағын жүгірумен алмастыру үшін пай- даланылады. Баскетболшы қарапайым жүріске қарағанда тізеден бүгілген аяқпен қозғалады. Ол оған кенеттен үдету үшін мүмкін- дік береді. Жүгіру. Жүгіру ойындағы қозғалыстың басты қүралы болып габылады. Ол жеңіл атлеттің жүгірісінен айқын ерекшеленеді. Ойыншы алаң шегінде түрлі сөрелік қалыптан; кез-келген бағытқа, бетімен немесе арқасымен қарап, жүгіру жылдамдығы мен бағытын тез өзгертумен үдетуді орындай алуы тиіс. Қарсылас үшін күтпеген кенеттен болтан жүгіру жылдамды- ғының артуы немесе сөрелік үдету спорт ойындарында жүлқыну деп аталады. Жүлқыну - қарсыластың бақылауынан босаудың және бос орынға шығудың тамаша құралы болып табылады. Жұлқынуды орыыдау үшін алғашқы 4-5 қадамды қысқа және өте тез жасайды (соққылап), аяқты аяқ үшына қояды. Жүгіру жылдамдығы қадамның үзаруы көмегімен өседі. Бүл сәтте ойыншы допты алуға дайындалуы тиіс. 45
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==