Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

II. БАСКЕТБОЛ 2.1 Ойынның пайда болу және таралуы Баскетбол тарихы ең алғаш баскетбол сайысы өткен күн деп 1891 жылдың 21 желтоқсанын айтады. Спринг - Фиит колледжінің /Масачусетс штаты, АҚШ/ дене гәрбиесі пәнінің оқытушысы Джеймс Нейсмитке залда айналысуға қолайлы, көңіл-күй көтеретін қимылдар ойлап тауып, гимнастика сабағын жандандыру тапсырылды. Жаңа ойын қүрастыра отырып, Нейсмит ежелгі замандары Американың түрлі аудандарында танымал болған доппен айналы- сатын қарапайым ойындар туралы тарихи деректерді белгілі бір дәрежеде қолданылуы мұмкін. Мехикодағы археологиялық музейде баскетболға көп үқсайтын тлачли ойнап жатқан ацтектер бейне- ленген картина сақталуы. Ойын арнайы жабдықталған стадион - тлахостарда өткізілген. Олардың қалдықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Ойын өтетін алаң түрі жағынан төртбүрышты, көрер- мендер отыратын жан - жақты мінбелер орналастырылған, биік қа- бырғалармен /3 4 метр/ қоршалған Ойнаушы 2 команданың міндеті қысқа алаңның ортасы тігінен бекітілген қарсыластың шең- беріне каучуктен жасалынған допты түсіру болып есептелінеді. Нейсмит «ойлап тапқан» ойынның ен алғаш рет өз класында өткізді. 10 фут биіктікте орналасқан балкон ернеуінде, яғни 3 метр биіктікке ол өзі шабдалы салынған корзиналарды бір — біріне қарама- қарсы орналастырды. Бұл корзиналарға доп лақтыру қажет. Сөйтіп, баскетбол ағылшын тіліндегі «basKet» - корзина, «ball» - доп деген 2 сөзден құрылған. Ойын үшін футбол добы қолданылады және оған әр командаға ойыншыдан бөлінген 18 адам қатысады. Кейін бүл сан 7-ге, ал 1987 жылдан 5-ке дейін қысқартылды, себебі қатысушылардың көп болуы алаңда тек кедергі ғана экелетін еді [2,736.]. Жаңа ойынның негізгі принциптері де айқындалды: 1. Допты қолмен үстап алып жүруге және жүгіруге болмайды. 2. Қарсылас ойыншымен тіресіп қалуға болмайды. 3. Нысана көлденең жэне еденнен жоғары орналастыруы керек. 43

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==