Жедел жару - қарсылас шабуылы артынан басталады. Бұл әрекеттер 146-суретте көрсетілген. Қақпашы допты алады. Әріп- тестері алаңның шеткі сызығына тұрады. Допты алу үшін жедел жарып өтуге ертерек дайындалады. Мысалы, қарсыластар, активті түрде қақпаға шабуылдаса, біреуі алға шығып, доп алуға ұмтылады. Позициялық шабуыл - қарсы команданың әлсіз жерін пайдаланып, жай ғана түрде жасалады. Бұл әдіс шабуылшылар орын ауыстыру негізінде, т.б. жағдайларда орындалады. Ал енді қор- ғаушыдағы амалдық әрекеттермен танысамыз. Персональді қозғалыс - командасының анықталған футбол- шыларына қарсы ойыншылардың нақты әрекеті. Мүнда қарсылас- тың допты иеленуіне, қақпаға ендіруіне барынша кедергі болуға ұмтылады. Әдістің негізі - әрбір футболшы нақты жауапкерші- лікті өзіне алады. Персональді қорғаныстың кемшіліктері де баршылық. Мысалы өз қақпасының түсында екеуара сақтықта қиындықтар туады. Аймақтық қорғаныс - қақпашының алдында ойыншылармен күзетшілік қою мақсатында қорғану. Бұл жағдайда әр ойыншы қарсы келген қарсыластың әрекетіне жауапты. Комбинациялық қорғаныс - жеке және аймақтық әдістердің ойыншыларға ұсынылуы. Практикада бүл әдіс «ойыншы ойыншыға қарай» және керісінше, қазіргі футболда аталған әдіс үлкен кеңістікке ие болып отыр. Ол өзінің үміттілігімен, сенімділігімен ерекшеленуде. Ойынның тактикалық жүйесімен танысар болсак, бүл коман- далық әрекеттердің үйымдастырылуы. Қазіргі футболда көптеген командалар 1 - 4 - 4 - 2 схемасында қолданылады. Командалар беріледі. Мысалы, 1-4-5-1 немесе 1-3-5-2. 42
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==