3. Ойыншылар бір көзделген жерге 25-30 м қашықтықтан доппен тсуіп көздейді. 4. Ойыншы жүгіріп бара жатқан ойыншыға допты оның жүгірісіне сәйкестендіріп соғады. 5. Жаттығушы допты қолмен лақтырады. 6. Ойыншылар допты пассивті, артынан активті түрде соға бастайды. 1.4. Футболшылардың тактикалық даярлығы Амалдық комбинация - анықталған есепті шешуші, алаңдағы екі немесе бірнеше футболшылардың әрекеті. Комбинацияның тиімділігі көп жағдайда ойыншының амалдық ойлау қабілетімен байқалады. Комбинация тиімділігі көп жағдайда ойыншының амалдық ойлау қабілетімен байқалады. Комбинация өз қақпасын сақтауда, қарсы- ластар қақпасына шабуылға шыққанда өте қажеттілігі сезіледі. Комбинацияның негізі - дәл, допты берулерді орындау. Қабырга - екі немесе бірнеше ойыншылар арасында допты берудегі комбинация. Қабырғаға ойнауды москвалық «Спартак» коп қолданады және мүны өте табысты деп айтуға болады. Бұл комбинация қарсыласты шатастырады. Комбинацияның ерекшелігі - қарсылас келіп қалған жағдайда допты жанындағы әріптеске береді. Ол әріптес қабырға рөлін атқарады. Бүл комбинацияны меңгеру үшін жаттығулар жасалады. Мысалы, көрсетілген тактикалық қабылдауларды орындауға болады. Сонымен қатар А, В ойыншы- лардың қимылы көрсетілген. Қашықтығы - 4-5,5 м. қабырға комбинациясы өте жақсы кескінделген. Үшбұрыш - үш әріптес арасында доп беруге болатын комбинация. Ол орын алмастырмай-ақ орындала береді. Қиылысу - екі әріптес, біреуінде доп, бір-бірін қарсы кез- дестіреді. Қиылысқан кезде қарсыластары доп кімде қаларын анық білмей дағдарады. Мұндай комбинация мысалы, 129-суретте кес- кінделген. Бұл комбинацияның басқа да варианттары 130-суретте көрсе- тілген. 39
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==