Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

10. Қақпадан 10 м қашықтықта түрып, қақпашыға допты бағыттау. Ол секіріп, допты кері қайтарады. 11. Қақпаның екі шетінен қақпаға қарай екі ойыншы допты бағыттайды. Қақпашы кері қайтарады. 12. Дәл осылай алдымен пассивті, соңынан активті. Допты лақтыруды қақпашы допты қағып алғаннан соң жасайды. Ол допты дәл және тез бос әріптесіне лақтыру керек. Допты лақтыру бір қолмен жүзеге асырылады. Допты лақтыру алға жылжумен басталады. Нәтижеде доп көзделген жерге барады. Оқыту барысында: 1. 6-7 м қашықтықтан екі ойыншы иық арқылы допты бір-біріне бағыттайды. 2. Дәл осылай келесі жақпен. 3. 11-12 м қашықтықтан екі ойыншы кезекпен екі жақтап иықтан асырып допқа соққы береді. 4. Дэл осылай 15-18 м қашықтықтан 2 м диаметрлі шеңберге допты бағыттайды. 5. Қақпашы допты жүгіре басып алаңдағы қозғалыстағы әріптесіне лақтырады. 6. 7-8 м қашықтықта екі ойыншы бір-біріне кезек-кезек допты домалатады. 7. Дэл осылай тек жүгіріп. Қашықтық 12-14 м. Мұнда кездесетін қателерді қақпашылар допты лақтыруда жібереді. Кейде бастай бергенде доп қолынан түсіп қалады. Бұл допты дұрыс үстамаудан болады. Мүнда қол саусақтарын барынша жазып ұстау керек. Жаттығуды допты қабырғаға ұру арқылы жасап көруге болады. Допты үру. Допты алған соң қақпашы аяқ өрінің ішкі, сыртқы, ортаңғы бөліктері арқылы допқа аяқпен соққы беріп үра алады. Бұл қақпадан сыртқа (алаңға) ендіру кезінде де қолданылады. Допты тосқаннан кейін осылайша тебу басталады. Бұл жағдайда соққы түсіп келе жатқан допқа беріледі. Опыту барысында: 1. Допты өр ортасымен соққы беру арқылы тебу. 2. Екі ойыншы 15м қашықтықтан бір-біріне соққы беріп, қолмен қағып алады. 38

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==