жағдайларын бөлшектеп түсіндіріп, көрсетіп және үйрету қажет. Бұл жағдайлардың қарапайым шешімдерін автоматизмнің пайда болуына дейін жетілдіру керек. Сондай-ақ біржақты жүйеліліктен бас тартып, балалардың бастама көтеруі мен шығармашылық ойлауына жол ашу қажет. Тәсілдің жеке әрекеттері мен амалдарын біртіндеп үйретеді. Бастапқыда допты қағып алу мен берудің негізгі әдістерін оқы- тады (допты екі қолмен қағып алу, бүгілген қолмен жоғарыдан және кеудеден екі қолмен доп беру, тірек пен секіруден жоғарыдан доп тастау). Қақпашыға арнайы дайындық 10-12 жастан басталады. Бұдан сәл кейін допты қағып алудың, берудің және доп соғудың (секіріп, қүлап), түрлі финттердің басқа әдістерін оқытуға кіріседі. Тактика - тәсілдік амалдардың бүкіл қорын 17-18 жасқа қарай үйренеді. Жеке қорғаныс, тез топ жару және тұрыстық шабуылдың (3x3 орналасуында) жүйелерін жүйелі меңгеру 13-14 жастан басталады. Бүдан кейін аймақтық және аралас жүйелерді (5x1) тізбектеп топ жаруда үйренуге өтеді. Негізгілер қатарында екі-үш ойыншының қатысуымен орындалатын комбинацияларды таңдайды. Жеке тактикалық әрекетті үйретуге мыналар енеді: - барынша қолайлы нүсқаны таңдау мен шешудің мүмкін нүсқаларын түсіндіріп, талдау; - үйренген әрекеттің тәсілдік жақтарын меңгеру; - түрақты жағдайларда бекіту; - ойыншылар әрекет әдісін өздері таңдап, бағалауы тиіс. Гандболшыларды дайындау міндеттерін атқару үшін түрлі қосымша қүралдар мен арнайы жабдықтар кең қолданылады. Олар- дың ішіндегі көп қолданылатыны мыналара: 1. Ауыспалы қақпа. Олар доп соғу жаттығуларының тығызды- ғын арттырады. 2. Қақпа сызығы мен (3,5x2,5) жаттықтыру қалқаны оны доп соғудың дәлдігін қалыптастыру үшін қолданылады. 3. Аспалы нысаналар (50x50 см квадраттар). 4. Ауыспалы иілген қалқан жеке жаттыққанда доп соғу мен доп беруді жетілдіру үшін қолданылады. 317
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==