Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

бірін оқытуға ауысады. Кейінен бүкіл алаң бойына жеке қорғаныс құруды және ойын барысында, сондай-ақ бір шабуыл кезінде бір жүйеден екіншісіне ауысуды меңгереді. Бүл жүйелерге оқыту ойыншыларды өз қызметтерімен таныс- тырудан және үйлесімді ауысуыларды меңгерумен басталады. Содан соң добы бар ойыншыға қарсы екі-үш ойыншының өзара әрекеті мен басқа жағдайлардағы кимылдары үйретіледі. Балалар мен жасөспірімдерді оқыту әдістемесінің өз ерекше- лігі бар. Мүнда әсіресе көрнекілік, бірізділік, жүйелілік және жас гандболшыларды дайындаудағы жан-жақтылық өте маңызды. Жан-жақтылық тек үйлесімді дене дамуын ғана қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ арнайы ойын дағдыларын меңгеруді жеңіл- детеді. Тәсіл мен тактикаға оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оларға бірдей ден қою қажет, өйткені тәсілдегі кемшілік тактикалық әрекет барысында көрініс табады. Доп беру, лақтыру, өзара әрекетті көп қайтара үйреніп және нақты бекіту балаларға кез-келген жағ- дайда ең таңдаулы шешу әдісін табуға мүмкіндік береді. Таңдау- дағы шектеу қою ойынды бір жақты және қызықсыз етеді. Әрбір ойыншы үш-төрт лақтыру, финт және доп беру әдістерін білуі қажет. Тактикалық дайындықтағы жан-жақтылық бұған қоса түрлі ойын міндеттерін орындаудағы әмбебаптықты білдіреді. Әрбір ойынның түрлі түрыстағы амалдарын меңгеруі маңызды. Жан-жақты дайындалған ойыншы кез-келген жағдайдан жол тауып шыға алады. Бүл шабуыл мен қорғаныста ең белсенді және қарқынды тактикалық әрекеттер түрін пайдалануға мүмкіндік береді. Бірізділік ең алдымен қимыл дағдыларын меңгеру шарттарын күрделендіруде маңызды болады. Ол ойындар мен жүргізілетін жаттығуларды кең қолдануды ұсынады. Олардың қатарына бірінші кезекте кішкене доппен жүргізілетін жаттығулар жатады, бірінші кезеңде кәдімгі балалар добын (резеңке, пластика) пайдаланған дүрыс. Балаларды оқыту қарқынды, көңілді жүргізілуі тиіс және ойынның өзіне барынша жақын болуы керек. Сондықтан ойын әдісі үлкен роль атқарады. Тактикаға оқытқанда балаларға ең алдымен ойындағы үжымдық әрекеттің дағдыларын сіңіруге тырысу қажет. Барлық типтік ойын 316

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==