кезде саны жағынан тең болып және топ жарудың екінші сызығының ойыншыларын қатыстырумен шабуылды аяқтауды меңгереді. Жүйелі игеру арнайы таңдалған жаттығулар көмегімен жүр- гізіледі. Бірінші кезеңде, әдетте доппен және допсыз жүргізілетін жаттығуларды орындайды, екінші топты - арнайы жаттығулар қүрайды; үшінші топқа- ойын жаттығулары кіреді. Орындау шартын біртіндеп күрделендіреді: қимыл жылдамдығы мен екпінді арт- тырады, саны біртіндеп артатын қорғаушыларды ендіреді. Ойын жаттығуларына алғашқыда шүғылданушылардың аз бөлігі қатысады. Үлгі жаттыгулар. 1) Бір немесе бірнеше қорғаушыларды алдап өтіп және қақпаға доп соғып, жоғарғы жылдамдықпен жүптасып қозғалып доп беру. 2) Сондай үштікпен. 3) Ton жарушыға қақпашының доп беруі. 4) Бір қорғаушы қарсы әрекет көрсеткен екі топ жарушының біреуіне қақпашының доп беруі. 5) Екі қорғаушы қарсы үш шабуылшының допты қағып алуы немесе беруінен соң топ жару. 6) Үш қорғаушыға қарсы төрт шабуылшынын топ жаруы. 7) Бір жартысындағы ойын (4x4, 5x5, 6x6). Допты алғандар одан әдейі айырылып қалады, ал келесі команда топ жаруды дамытады. Қарсы жартыда командалар роль ауысады. Түрыстық шабуылды үйренуде тез топ жарудағы өзара әрекетті меңгергеннен кейін бастайды. Танысу сызықтық ойыншыларсыз орналасуда ойыншылар қызметін белгілеуден басталады. Сосын 3x3 орналасуында сызықтық ойыншының қызметімен танысады. Ойыншылар әр түрыстағы өзара әрекетке негізделген амал- дарды үйренеді, содан кейін оларды ойынға арнап командадағы белгіленген орынға орналастырады. Ойындағы мамандандыру ша- буыл әрекетінің жалпы негіздері жеткілікті түрде меңгерілген соң пайдалы болады. Түрыстық шабуыл екі-үш ойыншы арасындағы қарапайым өзара әрекет негізінде құрылады. Бүнда алғашқыда олардың шек- теулі саны қарастырылып, оларды қолдану шарттары үйғарылады. 314
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==