Жүптасып өзара әрекеттесудің негізгі амалдары үйретілген соң, көп ойыншы әрекетін үйренеді. Мұнда олардың үйретілуін міндетті түрде белгілі бір шабуыл жүйесімен байланыстырады. Шабуылшылар арасындағы өзара әрекетті қорыту кезеңіне қорғаушылардың өзара әрекетін меңгеру кезеңі жатады. Мүнда да екі ойыншының келісілген әрекетінен бірте-бірте үш немесе одан көп қорғаушылардың өзара әрекетіне өтеді. Мүнда бір мезгілде қорғаныстағы белгіленген ойын жүйесін де үйренеді. Шабуылдағы топтық әрекетке оқыту тереңдеп оқыту кезеңіне ауысады да, «тез топ жарудан» басталады. Меңгеру барысы бір- тіндеп жүргізіледі. Алдымен шабуылдың түрлі сәтіндегі екі ойын- шының өзара әрекеті үйретіледі: шабуылға өткенде, оны дамыту мен аяқтауда. Бұл допты алып, топ жарған әріптесі, қақпашы және алаң ойыншысы арасында доп беруге негізделген қарапайым өзара әрекет. 188-сурет. 3 цоргаушыга курсы 4 шабуылшының әрекеті Келесі кезең - шабуылды аяқтаудағы әрекетті үйрету (2x1). Бұл үшін екі ойыншы арасындағы қозғалыста доп беруді үйре- неді (орынды ауыстырып немесе ауыстырмай). Бұдан кейін көп ойыншының өзара әрекетін үйренуге өтеді: үштік, төрттік, алтылық (сан жағынан басым немесе тең түсіп). Қорытынды кезең - барлық ойыншылардың қатысуымен ша- буылдағы үйлескен әрекетті меңгеру. Бастапқыда топ жаруды қысқа доп берумен, кейін алыстан доп берумен орындайды. Команда топ жаруға алдымен допты тартып алуда, сосын қақпашының допты қағып алуынан соң, допты түсірген соң, т.б. көшуге үйренеді. Бүл 313
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==