Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

қорған қоюды, финтке қорған қоюды, финтке қарсы әрекет етуді, доп соғуда допты түсіруді (алғашқыда тіректе, кейін секіруде), тайқып кетуді үйренеді. Әрбір амалды меңгеру қиындықты бірте-бірте өсіру ретімен жүргізіледі. Мысал үшін, қорған қоюды үйретуді талдаймыз. Оқу- шыларға түсіндіріп, көрсеткеннен кейін оларды бір қатарға, түр- ғызып, оқушының белгісімен (доп тастауды орындау) қорған қоюды бейнелейді. Сосын жаттығуларға өтеді: бір қорған қоюшы- сымен екі ойыншы арасындағы доп соғу мен доп беру, қорған қою- мен жаттықтыру қалқанынан доп тастау (жұптасып); қақпаға доп соғуға қалқан қою қорған қоюшы алты метрлік сызықта қалады, қорған қоюшы доп соғушыға қарсы шығады, доп соғады, доп соғумен және қорған қоюмен ойын жаттығулары (2x2, 3x3, т.б.). Топтық жаттығуларды пайдалану қорғанушылардың өзара әрекетін үйренуге ауысуды керек етеді. Бастапқыда топқа қосы- луды орындайды (қарсы кездескен әрекетте, қалқан қоюда, шыққан қорғаушыны алдап өтуде). Сосын қауіпсіздендіру мен топтық қор- ған қою, қорытынды кезең - қақпашымен үйлесімді әрекетті мең- геру жүргізіледі. Үйретілетін амалды алғашқыда баяу екпінмен жүргізеді, ша- буылшы әрекеті қосымша сипат алады. Сосын екпін өсіп, ал шабуылшылар қүрал таңдауда үлкен еркіндік алады. Жаттығулар қорғаныс дағдылары жақсы пысықталып, жетілдірілетін жарыс сипатында өтеді. Шабуылшылардың топтық әрекетін үйрету жекпе-жектің, доп беру, жүргізу және доп соғу тәсілдерінің негіздерін меңгергеннен соң басталады. Алғашқыда саны жағынан басым жағдайдағы екі ойыншының (2x1), содан кейін осы жағдайдағы үш шабуылшының өзара әрекетін үйренеді. Бұдан кейін екі жағының да саны тең қалыпта жүптасып әрекет ету негіздері меңгеріледі. Бірінші кезекте допты бергеннен кейін босап шығу әдістері үйретіледі. Сосын орынды алмастыру әрекеттеріне көшеді: алғашқыда допсыз, сосын қарсы кездесу, қиылыса орын ауыстыру және қалқан қоюда допты жүргізеді. Аралас түрыстағы әрекет ететін ойыншылар арасын- дағы өзара типтік әрекет жасалады: жартылай ортаңғы шеткі, жартылай ортаңғы сызықтық, т.б. 312

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==