Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Қақпаға доп соғуды оқытқанда оның әсерлілігін төмендететін түрлі қателер жиі кездеседі. Оған мыналар жатады: бастапқы қалыптың дүрыс болмауы, допты қолмен үстамау немесе керісінше, қол мен саусақты қатты сығымдау; доп соғу дене сламағы мен қозғалыс инерциясынсыз орындау; тұлға мен аяқтың ірі бұлшықет- терін қатыстырмау. Бұл қателерді түзету қате сәттерді жөндеу мен оның орындалуы туралы дүрыс түсінік қалыптастыру үшін бөлшектей оқыту әдісін пайдалануды талап етеді. Алаңдату қимылдарын үйрену оқытудың алғашқы кезеңінен басталады. Алдымен допсыз алдарқату, сосын доппен алдарқату орындалады, алғашқыда доп беруде сосын айналып өту мен доп тастауда орындалады. Қарапайым финттен бірте-бірте күрделі финтке өтеді. Оларды ұтымды меңгерудің маңызды алғы шарты икемділік пен допты бір қолмен ұстай білу. Оқыту жалған және шынайы қимылдардың мәнін ұғындырудан басталады. Көптеген финттерді бөлшектеп оқыту керек. алғашқыда әрбір қимыл орнында немесе допсыз қадаммен орындалады, сосын оларды бүтіндей амалға біріктіреді. Ол ойыншыға қолайлы жағымен орындалады. Қозғалыссыз қорғаушылармен немесе оларды алмастыратын қуыр- шақтармен жаттығулар пайдаланылады. Бұдан соң белсенді әріптесі қосылады, ол алғашқыда қажет жобада қозғалады. Орындау ырғағы бастапқыда баяу болғанымен,бірте-бірте ойындағы ырғаққа келеді. Жалған қимыл қолайсыз жағына қарай да үйреніледі, ол белсенді қарсылық көрсеткен ойыншыны алдап соғуға мүмкіндік береді. Қорғаныстағы әрекетті үйрену шабуыл әрекетін үйренумен қатар сондай бірізділікпен жүргізіледі. Бастапқыда түрыс пен қоз- ғалысты меңгереді. Сосын допсыз шабуылшыға қарсы әрекет амал- дарын үйренуге кіріседі. Қорғаныстағы тәсіл мен жеке әрекетке оқыту бастапқыда жеке қоршау үстанымына негізделеді. Қозғалыс тәсілімен танысқан соң оқушылар қорғанысқа дер кезінде және дүрыс (допты көріп) оралып, «өз» ойыншысын үстауға үйренеді. Олар жүргізушіден допты түсіріп немесе тартып алуды, допқа шыққан ойыншыларға қорған қоюды меңгереді. Олар назарын алғашқыда допсыз, кейін доппен ойнай- тын ойыншыларға қарсы әрекет ететін орынды таңдауға аударады (доп тастау түрысына шыққан жүргізушіні үстау). Бүл кезеңде 311

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==