Бұл жаттығуларды меңгеру ойын сипатындағы жаттығуларда жүргізіледі, онда допты алу үшін бос орынға, шығып және сосын өз әріптестерімен өзара байланысатын шабуылшының әрекеті көрінеді. Бүл үшін жаттығуға қарсыластың қарсылық әрекеті ендіріледі. Оқытудың басынан бастап оң және сол қолмен доп беруге тең қарау қажет. Допты көріп - бақылаусыз қағып алу, қол мен саусақтардың дұрыс түрмауы және қолдың қысып үстауы, допты қатты сермеп беріп, оған білезіктің қатыстырылмауы тәрізді қателіктердің алдын алып, тез түзету енгізу қажет. Допты жүргізуді оқушылар допты қағып алу мен беруді меңгергеннен кейін бастаған дұрыс, себебі допты жүргізудің ойын барысында кездесетін қателіктері азаяды. Жүргізуге тән қателер: доппен үру, қысып ұстап жүру, үнемі допқа қарау. Оларды түзету үшін дайындық жаттығуларына оралу қажет. Қақпаға доп соғуды оқушылар доп қағуды, оны бір қолмен ұстап, әріптесіне беруді үйренген соң оқытады. Бірінші бүгілген қолмен жоғарыдан лақтыру үйретіледі. Доп соғуды түсіндіріп, көрсеткеннен кейін оқушыларға доп соғуды бірнеше рет жасап көрсету әрекеті ұсынылады (допсыз). Сосын арнайы жүргізілетін жаттығулар орындалады (доп беру - 10-12 м қашық- тықтан алаң бетіне доп ұрып лақтыру, жаттықтыру қабырғасына доп соғу, т.б.). Келесі кезең - допты қақпаға соғуды орындау. Мүнда доп лақтыру күшіне емес, дәл тиюге мән беру қажет, ол үшін қақпада орнатылған нысанаға доп соғып үйрену қажет (дөңгелек, квадраттар, қалқан, т.б.). Сол сияқты дәл тию нүктесін көрсететін жаттықты- рушы бұйрығымен қақпаға доп соғу да пайдалы, содан соң қақпа- шыны алдап доп соғу да нәтиже береді. Алғашқыда қақпамен арақашықтық 6-7 метрді құрайды, бірте-бірте ол алыстап, жылдам- дық алу үлесі өседі. Дәл қақпа алдында орындалған доп соғудан бірте-бірте барлық бұрыштардан дәлдеуге ауысады. Бүл кезең қақ- пашы алаңының айналасынан оңнан солға және солдан оңға бойлап қозғалып доп соғуды үйренумен аяқталады. Доп соғуды меңгеруде мынандай бірізділік болғаны дүрыс: алғашқыда орнынан және қозғалыстан тіреліп доп соғу, содан соң 309
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==