Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

үйретуге ауысады. «Куу» (доппен және допсыз), «Қорғанды қорғау», «Атысу», «Артық доп», т.б. тәрізді ең қарапайымдардан бастау қажет. Бүндай ойындарда балалар допты қағып алу, беру және лақтыру амалдарын, қозғалыс тәсілін және қарапайым тактикалық қимыл- дарға үйренеді. Бұл үшін көлемі 42-44 см резеңке доп қолданылады. Бірте-бірте ойындар күрделене түседі, оған бірінші сабақтарда үйренген ойын элементтері ендіріледі. Оларды бекіту үшін «Ақтар мен қызылдар», «Допты түсір», «Теңіздегі соғыс», «Гандбол- волейбол» тәрізді ойындар пайдаланылады. Жеке және командалық тактикалық әрекеттер «Допқа талас», «Доп капитанға», «Шектеулі гандбол» ойындары барысында меңгеріледі. Танысу кезеңі осымен аякталады да, содан соң тереңдей мең- геру кезеңі басталады. Мүнда алғашқы қалыптасқан білім бірте- бірте түрақты қимыл дағдысына айналады. Үйрену ойыншының допсыз шабуыл әрекетінің тәсілі мен так- тикасын меңгеруден басталады. Бүл үшін түрлі секірулер, бүрылу- лар мен аялдауларды араластыру, жүгіру жаттығулары қолданы- лады. Алғашқы кезде бүндай жаттығуларды қарсылассыз, орташа екпінде және ойынның басқа амалдарынан тыс орындайды, алайда бірте-бірте оларды күрделендіріп, қарсылық әрекетін ендіріп, орын- дау жылдамдығын үлғайтып, басқа элементтермен біріктіреді. Допты игеру тәсілін үйрету допты қағып алу, үстау және беруді меңгеруден басталады. Бүл амалдарға оқыту бір мезгілде жүргізі- леді және орта биіктікте үіпып келе жатқан допты екі қолмен қағып алу, оны екі немесе бір қолмен ұстау, бүгілген қолмен жоғарыдан беруден басталады. Содан соң жоғары ұшып келе жатқан допты қағып алып, допты бүгілген қолымен жанынан беру меңгеріледі. Қалған әдістер кейінірек үйретіледі. Бастапқыда қағып алуды орында, сосын қозғалыста яғни жүгіру мен секіруде орындайды. Бірте-бірте қағып алуға берілген доптың бағытын өзгертеді: қарсы беру, қырынан, артынан доп беру, алға шығып доп беру, т.б. Доп беруді де дәл осы тәрізді өзгертеді. Алғашқыда алға қарай доп беруді, сосын жан-жағына және артқа доп беруді (диагональ және үзындық бойымен) үйретеді. 308

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==