Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Қақпа мен шабуылшының күшті қолы арасында орналасып, қорғаушы доп соғу жолы бойымен қақпа бұрышын жабады. Бұл қақпаның жақын немесе алыс бұрышы болуы мүмкін. Допты, қорған қоюшының қолын және қақпа орталығын ойық бүрыш алуға болады. Бұрыш бағыты қақпаның қай жағын қорғау керектігін көрсетеді. Әсіресе, финт қолданған ойыншыға қарсы мұқият әрекет жасау керек. Нәтижелі доп соғу қаупі жоқ аймақтағы алдарқатуға көңіл аудармаса да болады. Егер шабуылшы қақпаға жақын келіп қалса, онда қорғаушы бұл жағдайда шабуылшыға қандай әрекет қолайлы екенін алдын ала білуі қажет, жалған қимылдарға назар аудармас- тан негізгі және барынша қауіптірек қарсы әрекетке көңіл ауда- рады. Қозғалыс басталысымен орын алмасу шабуылшының бос қалған күшті қолы жағына қарай қозғалған дүрыс. Өз кезегінде шабуылшы да шабуылшымен күрес барысын өз пайдасына шешуіне болады, яғни жалған қимылымен шабуыл- шыны асығыс әрекеттерге итермелейді. Ойланған қорғаушы шабуыл- шыны өзіне қолайсыз қимылдар жасауға мәжбүрлейді. 4.6. Оқыту әдістемесі. Гандболды жүйелі оқытуды 7-8 жастан бастауға болады. 9-10 жастан бастап мини гандболдан жарыстарға, ал 11-12 жастан бастап «үшқыр доп» клубының бүкілодақтық жарыстарына қатысуына болады. Дайындық жеке тактика негіздері мен тәсілдерін меңгеруден басталады. Бастапқыда ол барлық шұғылданушылар үшін бірдей, бірақ бірте-бірте гандболшының ойын қызметіне қарай арнайы сипат алады. Гандболшының негізгі арнайы тәсілін қүрайтын қа- жетті дене сапаларын дамыту мен қимыл дағдыларын жетілдіру де сонымен қатар жүзеге асырылады. Бұдан әрі бүл құбылыс ойын әрекеттерін меңгерумен қатар жүргізіледі. Ойын мазмұнын меңгеру жеке тәсілдік - тактикалық қимыл- дарды үйрену мен жалпы таныстықтан басталады. Бүл үшін кәсіби гандболшылардың ойындарын көрсетуді үйымдастырып, оны мү- ғалімнің қосымша әңгімесімен және жекелеп түсіндіруімен толық- тыру дұрыс. Содан кейін жүргізілетін қозғалыс ойындарын жүйелі 307

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==