Ойын барысында кейде сан жағынан басым түсіп немесе саны жағынан тиімді пайдалануға жағдай туады. Егер команда бесеуге алтауы қарсы ойнаса, онда бос қорғаушы қақпа алдындағы орта- лықтан орын тауып, қарсыласымен «тартысып» жатқан қалған қорғаушыларды қауіпсіздендіреді. Ойынның жекелеген сәттерінде допты алған ойыншыға екі қорғаушы шабуылдау әдісінде пайдалануға болады. Жеке әрекеттер. Қорғаушылардың жеке әрекеттері добы бар және допсыз ойыншы - шабуылшыларға қарсы әрекет пен орынды таңдауды қарастырады. Орынды дүрыс таңдау - қорғаныстағы үтымды әрекеттердің маңызды шарты. Шабуылдың барысын мүқият бақылаған шабуыл- шы осыған сәйкес үнемі орын табады, добы бар ойыншыға мүм- кіндігінше жақын болуға тырысып және сонымен бір мезгілде өз қарамағындағыларды бақылауында жалғастырады. Бүл үшін ол қозғалыстың дұрыс әдістерін пайдаланады. Допты алып қою - үтымды қарсы шабуылдың негізі. Сол үшін қорғаушы допты алып қоюға тырысып бағады. Бүл үшін ол ойыншы мен қорғалатын қақпа арасында және сонымен бір мез- гілде допты беруі мүмкін сызыққа барынша жақын болуға ұмтылып орналасады. Жекелеген жағдайларда алға шығып, допты беру сызығын толығымен жапқан дүрыс. Шабуылшының допқа қарай шығуын оның жолын бүкіл денесімен жауып бөгеуге болады. Допты алған ойыншыны допты қағып алған сәтінен бастап шабуылдап, оның бағдарлау мүмкін- дігінен айырып допты беру, лақтыру және жүргізуге қолайлы әдісті пайдалану қажет. Допты жүргізушіні қапталдағы сызыққа немесе оның әлсіз қолы жағына қарай ығыстыру керек. Оны тоқтатып немесе добын алып қоюға тырысу қажет. Добымен тоқтаған ойыншыны оның күшті қолы жағынан қолын оның иығына немесе кеудесіне салып шабуылдау керек, «Мергендерді» қақпаға алыс түстардан, тоғыз метрлік сызықтан қарсы алу керек. Допты соғушы ойыншыға қарсы қорғаушы қорған қоюға мін- детті. Оған жақын түрған серігі келіп екі қатар қорған қойылуы тиіс. 306
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==