Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Алдын ала сақталу добы бар шабуылшыға қарсы қолдііпііді.і; шабуылшы барынша қауіпті бағытқа ауысады және бос бон түрган аймақты жабады. Егер қорғаушы добы бар ойыншыға қарсы келсе, онда оның аймағына оңынан да, солынан да қорғаушылар келе бас- тайды. Қорғаныстың бұл бөлігінде қысқа мерзімдік ауысым жүреді. Қайта қосылу - бір-біріне қарсы қозғалған немесе лақтыруға қолайлы қалыпқа шығуға тырысқан шабуылшыларды үнемін қада- ғалауды сақтаулың негізгі әдісі. Мұнда, ең бастысы-шабуылшы- лармен ауысу. Ол жеке (босаған ойыншыны қорғаушылардың бірі жеке қадағалайды) немесе екеу (өзара байланыстағы екі қорғаушы өз шабуылшыларын алмастырады) болуы мүмкін. Тайқып кету қалқан қою көмегімен алшақ кетуге ұмтылып шыққан ойыншыны жібермей ұстауда пайдаланылады. Оның босап кетпеуі үшін қорғаушы оның соңынан қалмайды. Осы мақсатта оның ойыншыны қадағалап түрған және қалқан ретінде пайдала- нылған әріптесі артқа кетеді немесе керісінше, оған жақындайды. Топтық қорған қою лақтырушыға қарсы әрекет ретінде пайдаланылады. Қорғауды бір-біріне тығыз түрған екі-үш ойыншы қояды. Қақпашымен өзара әрекет қорған қоюшылардың соған сәйкес қимылымен көрінеді. Қақпашы осы ойын сәтіндегі ойыншылармен өзара әрекет арасындағы міндеттерін алдын ала шартты бөліп алу есебінен дүрыс орын табады. Көбіне қорғап қоюшыларға қақпаға лақтыру бүрышының бағытына жақын жерден бөгеу тапсырылады. Саны жағынан басым қарсыластарының шабуылына төтеп бергенде қорғаушылар ең алдымен оның дамуын тоқтатуды көз- дейді. Үш ойыншыға екеуі қарсы келіп қорғаушылар былай әрекет жасайды. Егер доп шеткі шабуылшыда болса, оған жақын тұрған ойыншы шабуылдайды, ал келесі қорғаушы барынша қауіпті орын, яғни қақпа алдындағы орталыққа орналасады. Егер доп ортаңғы шабуылшыда болса, онда оны күшті қолы жағынан қорғаушылар- дың бірі шабуылдап, келесі қорғаушы келесі екі шабуылшының ара қашықтығының қақ ортасында түрып әріптесіне арқасын бере кері қалады. Егер команда саны жағынан өздері басым түссе, онда жақын қорғаушылар шабуылшылардан басым түсіп, допқа ауысып, шабуыл- дың артқы шебіндегі ойыншыны ашық қалдырып кетеді. 305

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==