Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Бүл қорғаныстың мынандай нұсқалары бар: 5+1, 4+2, 1+4+1. Бұл, яғни ойыншылардың бір белгілі (бірінші сан) аймақтық қорға- ныста, ал қалғандары (екінші сан) шабуылшыларды жекелеп қоршауын білдіреді. ' 5+1 нұсқасы қорғанысты үйымдастырудың жиі кездесетін әдісі. Бес ойыншы 6-0 аймақтық қорғанысындағыдай әрекет етеді, ал біреуі күшті шабуылшыға немесе ойынпаз шабуылшыға бекітіледі. Ол оны өз жартысында мықты немесе еркін ұстап тұрады, яғни ол тоғыз метрлік сызықта әрекет жасағанда қорғаштайды. 4+2 нүсқасы бір мезгілде мерген қимылы мен ойынпаз шабуыл- шыны ығыстыруға мүмкіндік береді. Бүл жағдайда күшті екі қор- ғаушы шабуылшыны жеке ұстайды, қалғандары аймақтық ұстаным бойынша жұмыс жасайды. 1+4+1 нұсқасы жақсы сызықтық ойыншымен орналасқан командаға қарсы бағытталған оны қорғаушылардың біріне тапсы- рады. Мергенді немесе белсенді ойыншының біреуін жеке ұс- тайды. Қалғандары аймақтық қорғанысты пайдаланады. Қорғаныстағы табысты ойын қорғаныстың барлық жүйелерін жетік меңгеруде көрінеді және ең алдымен қорғаныста жекелеп сауатты ойнай білу қажет. Сондықтан бастан бастап-ақ осы жүйеге үйренген дүрыс. Одан кейін аймақ нүсқаларының бірін, содан кейін аралас қорғанысты пайдалануға өтеді. Түрлі жүйелерді қолдану қарсылас әрекетін қиындатады. Топтық әрекетті қорғаушылар командалық ойынның негізінде бастайды. Олар қалқан қоюға, доппен өтуге, лақтыруды бөгеуге және қарсыласының сан жағынан басым түсуіне қарсылық көр- сетуде қажет. Қорғаушылар негізгі үш жағдайда әрекетке дайын болуы тиіс: - ойыншылар сан жағынан тең болғанда (2x2, 3x3 және т.б.); - шабуылшылар сан жағынан басым түскенде (2x3, 3x4, 4x5); - сан жағынан өздері басым түскенде (2x1, 3x2, т.б.). Қарсыластың түрыстық шабуылында көп кездесетін сан жағынан тең болғанда қорғаушылар шабуыл әрекетіне көшеді: қауіпсіз- дендіру, қайта қосылу, топтық қорған қою, тайқып кету, қақпашы- мен өзара байланыста болу. 304

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==