Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Жеке қорғаныс гандболдағы негізгі қорғаныс жүйесі болып табылады. Оның үш түрі бар: алаң бойынша, өз жартысында және еркін лақтыру аймағында. Бүкіл алаң бойымен жеке қорғаныс (прессинг) доп шығып кете салысымен доп үшін белсенді күрес жүргізуді білдіреді. Қорғау- шылар белгіленген немесе өзіне жақын ойыншыларды (ең алдымен шеткі шабуылшыларды) таңдап алады және оларға допты еркін алып беруге мүмкіндік бермей, қалмай жүріп отырады. Қақпаға жақындау шамасына қарай қорғаушылардың белсенділігі арта түседі. Қарсылас тәсілдік жағынан әлсіз немесе оған қарсы шабуылға шыға алмайтындай болса, уақытты әдейі созып немесе қорғаушы- лар көп болған жағдайда бұл қорғаныс дұрыс саналады. Өз жартысында жеке қорғауда команда артқа оралып, алдын ала белгіленген ойыншыларды еркін тастау сызығына жақын жерден таңдап алады. Добы бар ойыншыны тығыз қорғайды, қалғандары қақпаға дейінгі қашықтыққа байланысты қимылдайды, ойыншы оған жақын болған сайын, қоршау да тығыздала түседі. Шабуылшы әрекетін, барынша қиындата түсу үшін қорғаушы- лар барлық ойыншыларды әсіресе еркін тастау аймағында тығыз ұстап түра алады. Прессингті колдану есептегі айырмашылық аз болған жағдайда, ойынның соңғы сәттерінде пайдалы болады. Аймацтық цорганыс. Мүнда әрбір ойыншыға қозғалыс аймағы бөлініп беріледі. Бүл қорғаушының қорғайтын аймағына кірген кез-келген шабуылшыға қорғаушы тығыз қоршау қолданады дегенді білдіреді. Қорғанысқа оралған ойыншылар таңдалған орналасу бойынша орындарына тұрады, сосын ойыншылардың қозғалысына және доптың орын өзгеруіне қарай ауысып отырады. Добы бар, барынша қауіпті ойыншыға қақпадан 10-12м қашықтықта жақын қорғаушы шығады, қалғандары ашық аймақты басып алып, орналасады. Ойыншыларды орналастырудың бірнеше нүсқалары бар, бірақ негізгі үстанымы - қорғаушыларды мынандай негізгі бес аймаққа орналастыру: шетке, орталыққа және осылардың аралығына ойыншылар бір үш қорғаныс сызығын құрауы мүмкін. Бойы үзын спортшылар ортада қақпаға қарай ойыншылардың бойлары кішірейе 302

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==