мен қалқан қою бар. Бірнеше ойыншысының қатысуымен сапалы және жоғары жылдамдықпен барынша қарапайым, бірақ ойынды тез аяқтауға жеткізетін командалар жоғары нәтижелерге жетеді. Бүл комбинацияға көп ойыншының қатысуымен жүргізілуін де теріске шығармайды. Қазіргі гандболда екі түр де қолданысқа ие. Жеке әрекеттерде шабуылшылар тәсілдік амалдарды дүрыс пайдаланып, қоғаушыдан тыс, тиімді орынды таңдап орналасады. Орынды дүрыс таңдап және қорғаушыдан тыс кету жеке әре- кеттегі табыстың шешуші шарты. Бүны шабуылшының түрлі қозғалысымен доппен және допсыз орындайды. Допсыз еркіндіктің мақсаты допты әріптесінен алу, доппен еркін шыққанда ойыншы допты қақпаға лақтыруға тырысады немесе қор- ғаушыны өзіне тартып, қолайлы жағдайда түрған әріптесіне доп беруге ұмтылады. Бүл үшін шабуылшы жүгіруді, жүлқынуды, алдауды, бүрылуды, жүргізуді, финт пен қалқан қоюды қолданады. Ойыншының белсенділігі ең алдымен оның кез-келген ойын көрінісіне қатысуға үмтылуынан көрінеді. Ол қорғаушыдан тыс болу үшін үнемі қозғалыста болады. Алайда, бүл қозғалыс өзінен- өзі бағалы дегенді білдірмейді. Керісінше, олардың дәл есепке негізделгені, қарсыласының әрекетін болжағаны мен бәсекелесіне күтпеген жағдайда болғаны пайда келтіреді. Әрбір шабуыл доп тастаумен аяқталуы керек. Қолайлы түста түрып, шабуылшы жағдайды тез бағдарлап (қорғаушы мен қақпа- шының әрекетін), доп тастауға қолайлы әдіс пен бағытты таңдауға міндетті. Доп тастаудың жақын жоғары (шабуылшыға қатысына қарай) және темен бүрыш және алыс бұрышқа доп тастау түрлері бар. Допты қақпаның қиын қорғалатын бөлігіне немесе кері қай- таруды қиындататын әдіспен бағыттау керек (қақпа сызығына 30-60 см соғылып тасталу). Егер қақпашы салмағын бір аяғынан бір аяғына түсіріп тұрса, онда допты оның тірек аяғына жақын лақтырады, ал егер алшақ қойып түрса, онда аяқ арасынан жібереді. Сонымен қатар қақпашының барлығы қақпаның түрлі бүрышы- нан келген доптың бәрін үтымды кері қайтара алмайтынын ескеру қажет: олар қақпаның жоғарғы сол (қақпашыдан) және төменгі оң жақ бүрышына бағытталған допты кері қайтаруда уақытты көп шығындайды. 300
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==