ойыншыларды қосады, сол арқылы қарсылас қорғанысына уақытша түсінбеушілік әкеледі. Алты метрлік сызықта шеткі жэне сызықтағы шабуылшылардың үнемі қозғалуы қорғаушылар әрекетін одан әрі қиындата түседі. Екі кіші «сегіздікпен» немесе «екі үшбүрыш» бойымен ауысу екі-үш ойыншы арасында доп беру мен қалқан қоюға негізделген қара- пайым өзара әрекеті тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Ауысуға бір орында бір сәтте екі шабуылшының тұрақталып қалмауы мен добы бар ойыншының шабуылды бейнелеп, қорғау- шыларды өзіне келуіне мәжбүрлеу маңызды болып есептеледі. Аймақтың қорғанысқа қарсы шабуылды қорғанушыларға қиын- дық тудыратындай етіп орналасуды пайдалану қажет. Яғни, 6-0 және 5-1 аймақтарына қарсы екі сызықпен шабуылдаған дүрыс, ал 4-2 және 3-3 аймақтарымен бетпе-бет келгенде бір сызықты ойыншымен ойнау үтымды эсер береді. Түрыстық шабуылдың жетістігі негізінен ойын жағдайларын алдын-ала біліп жэне шығармашылықпен туындаған шешімдерді пай- даланушы ойыншылардың үйлесімді эрекетіне байланысты болады. Топтық әрекет. Шабуылда шабуылдаушылар түрлі жағдайда қозғалады: сан жағынан тең болып, қорғаушылардан көп немесе аз болып шабуыл- шылардың өзара әрекеті ауысу, доп беру жэне қалқан қою көмегі- мен жүзеге асырылады. Шабуылдағы үжымдық әрекеттің негізін доп беру қүрайды, сондықтан эрбір ойыншы жеткілікті түрде доп берудің барлық әдістерін, әсіресе қарсыласы күтпеген жағдайда орындауды меңгеруі тиіс. Жағдайды бағалап, шабуылшы доп беру эдісін таңдайды, егер қажет болса оған жағдай жасайды. Допты ойыншының қолына немесе оның шыққан бағытындағы бос орынға лақтыруға болады. Доп берудің қысқа, орта жэне алыс қашықтықтары бар. Олар қарсы келетін, үзақ ұшатын, диагнольды, алаңға соғылған немесе соғылмаған болуы мүмкін. Өзара көмектесудің белсенді құралы қалқан қою болып табылады. Ол алдын ала дайындалған комбинация немесе ойын жағдайын дербес шешу құралымен реттеу бөлігі болуы мүмкін. Ойыншылар арасындағы барлық өзара эрекет типтік комбина- циялар негізінде қүрылады, оның негізінде доп беру, келісілген ауысу 299
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==