ұмтылып допты тоқтатып, кері қарай лақтырады. Бірінші ойыншы допты тоқтатады. т.с.с. 7. Соцқыдан соң. Жаттығуға 2 ойыншы қатысады. Олар бір- бірінен 20 қадам қашықтықта тұрады және бір-біріне допты ба- гыттайды. Серпілістен соң допты ішкі табанмен немесе табанмен тоқтатады. Аяққа тигенде доп ойыншыдан кері серпіледі. Бүл цателік көп кездеседі. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі орын- дау керек. Допты тоқтатқанда табанның сыртқы жағымен де тоқтатады . Мұны көбіне тәжірибелі ойыншылар орындайды . Оқыту барысында: 1. Имитация. Бұл допсыз қозғалыспен орындалады. 2. Допты лацтырып. Доп лақтырылған соң оң және сол аяқпен тоқтатылады. 3. Допты асыра. Екі-екіден ойналады. Әріптестер бір-бірінен 6 м қашықтыкта орналасады да біріне-бірі допты лақтырады. Допты табанның сыртымен тоқтатады. Қашықтық біртіндеп алыстайды. 4. Бурылыспен. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты әріптесінің сол жағына тастайды. Ол допқа ұмтылып допты оң аяғымен тоқтатады да кері қайтарады. Период бойынша орын алмасады. Бастауыш футболшыларға мүнда кездесетін қиындық - үпхып келе жатқан допты тоқтату болып табылады. Бүл жағдайда доп табанның ішкі жағымен немесе аяқ өрінің ортасымен тоқтаты- лады . Бұл жағдай домалап келе жатқан допты тоқтататын қабыл- дауға ұксас келеді. Өте жоғарыда ұшып келе жатқан допты да осы қабылдаулармен, бірақ секіріп тоқтатуға болады. Оқыту барысында:. 1. Ілінген доп. Бағанаға жерден 40 см биіктікте болатындай етіп доп ілінеді. Ойыншы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға тыры- сады. Доп 10 см биіктікке ілініп, аяқ өрімен тоқтатуды жаттығады. 2. Шам. Допты алдына лақтырып, түскен кезде, аяқ өрімен және табан ішімен тоқтату. 3. Қисьщ траекториямен. Жаттығу жоғарыдағыдай. Ерекшелігі, екі ойыншы бір-біріне допты қисық траекториямен лақтырады. Қашықтық 8 м. 29
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==