өзіне қабылдаған футболшы сол мезетте-ақ допты бағыттауға дайын болып тұрады. Оцыту барысында: 1. Соқкы. бер және тоцтат. Қабырғадан 5 м қашықтықта тұрып, қабырғаға соғылып кері қайтатындай етіп лақтыру керек. Допты тоқтатып, қайтадан қабырғаға лақтыру т.с.с. 2. Қабылдау және беру. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Олар бір-біріне қарама-қарсы 6 м қашықтыққа орналасады. Бір-біріне допты кезекпен беру арқылы допты табанның ішкі жағымен тоқта- туға жаттығады. 3. Доп ортага. Жаттығушылар шеңбер бойымен тұрады. Диаметрі 12-14 м. Ойыншылардың біреуі центрге тұрады. Ол допты басқалары- на кезекпен беріп отырады. Соңғы ойыншы ортамен орын алмасады. 4. Шеңберден-шеңберге. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олар- дың саны тең. Команда әр-әр жерде орналасады. Олардың алдары- на 2 м диаметрлі шеңбер сызылады. Команданың біріншісі шеңбер ішінде доппен бірге тұрады. Ол допты өз командасына береді. Олар кері бағытта команда соңына барып түрады. Осылайша қайталана береді. Үш реттен кейін орын алмасады. Топтың бір-бірінен қашықтығы 5-6 м. 5. Қозгалыста ойыншылар қос-қостан бөлініп бір-бірінен 7-8 м қашықтыққа тұрады. Алға жылжып, олар допты бір-біріне төменде- тіп жіберіп, аяқпен тоқтатып отырады. Қозғалыс темпі біртіндеп арта бастайды. Бастауыш ойыншыларда кездесетін қателердің көпшілігі допты қатты серпілту болып табылады. Бұл кемшілікті болдырмас үшін жаттығу кезінде әлсіз желдетілген доппен жаттығу керек. Домаланган допты табанмен тоцтату. Бүл доп ойыншыға қарама-қарсы кезде орындалады. Бүл қабылдаудың техникасы оншалықты күрделі емес. Тоқтатушы аяқ кішкене тізесі бүгіліп, жақындаған допқа қарсы түрады. Допқа аяқ тиген кезде, тізе кіш- кене артқа жылжиды, бүл кезде доп жерге қысылады. Ок,ыту барысында: 1. Доп аріптеске. Ойыншылар екі-екіден бөлініп, бір-бірінен 5 м қашықтықта түрады. Біреуі әріптесі лақтырған допты табан арқылы тоқтатады. Осылайша қайталана береді, орын алмасады. 27
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==