Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Жекелеген жағдайларда допты алға жіберіп ұрып, оны қайта иемденіп қозғалады. Лацтыру. Лақтырулардың нәтижелілігі бірқатар шарттарға бай- ланысты болады. Олардың ішінде маңыздысы қарсыласты күтпеген жағдайда қалдыратын сәтті таңдау лақтыру әдістері мен бағыты болып табылады. Бүл да және доп көздеген нысанаға тез жететін жылдамдықта өте маңызды. Ол лақтыру күшімен анықталады, себебі оның салмағы мен жылдамдық үдеуіне тәуелді болады. Лақтыру күші артқан сайын қимыл да соғұрлым шапшаң орындалады. / 72-сурет. Допты иілген кр.імеп жогырдан беру Лақтырудың тиімді тәсілі дене салмағы мен инерциясының пайдаланылуына, лақтырушы қол қимылының кең құлаштауына жағдай тудыруына, бүлшықеттер мен қозғалмалы буындардың сер- пімді шиыршық ата жиырылуына қүрылады. Бірақ ойында кең қүлашпен сермеп, бірнеше қадамнан лақтыру өте қиын. Сондықтан ойыншылар мен жаттықтырушылардың шығармашылық ізденіс- тері лақтырудың барынша тиімді жылдам тәсілін табуға бағыт- талған (қысқарған сермеумен, т.б.). Қақпаға лақтыруды орнынан, қозғалыстан, тіректі және тірексіз қалыптардан орындайды. Қозғалыстан жартылай берілген қолмен жоғарыдан лақтыру - ең кең тараған әдіс. Қалған әдістерді сәтіне қарай орындайды. Сермегенде доп қалпы көп өзгереді. Доп баста, иық деңгейінде, бастан жоғары немесе қапталында болуы мүмкін. Бұл тәсілдер ерекшелігімен және туындаған жағдайға қарай анықталады. 278

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==