бастап, жүгіру бағытын шапшаң өзгертіп бүрылыстар мен аялдау тустарын пайдаланып және арқамен артқа қараіі жәпе қосымша қадаммен еркін қозғала алуды жетік білуі қажет. Шабуылшы допты ала салысымен бар күшін допты қақпаға салуға жүмсайды. Тек арнайы амалдар көмегімен ғана қарсыластың қарсылығын бағындыруға болады. Бүндай өте күрделі тәсіл бөлігіне допты қағып алу және үстап түру, оны алып жүру мен беру допты лақтыру, финттер және қалқан қою әдістері жатады. Допты қагып ачу допты игеруді қамтамасыз ететін негізгі әдіс. Допты бір қолменде және екі қолменде қағып алуға болады. Баскетболға қарағанда гандбол екі қолмен допты қағуда оларды бір-біріне жақын орналастырумен ерекшеленеді. Бір қолмен қағып алу күрделірек, бірақ өте жиі қолданылады, әсіресе амалды орын- дауға уақыт тапшылық еткен жағдайда жақсы көмектеседі. Қағып алып, ары қарай сермеу біріккен қуйма қимылды қүрайды. Доппен табысты қимылдың маңызды шарты оның дүрыс ұсталуы болып табылады. Ең дұрысы допты кеуде деңгейінде екі қолмен үстағанда оны жоғарыдан қармап немесе саусақпен үстап және алақанды жеңіл тигізе бір қолмен үстауға да болады. Бунда саусаққа салмақ түсірмеу үшін допты қатты қыспауға тырысу қажет. Допты беруді көптеген амалмен орындауға болады, бірақ кө- біне жоғарыдан, төменнен және саусақпен жанынан беру амалдары жиі қолданылады. Беруді орындау тәсілі баскетболдағы допты берудегі тактикадан көп ерекшеленбейді. Жартылай берілген қолмен жоғарыдан допты беру гандбол- дағы доп берудің негізгі әдісі. Соңғы кезде допты жасырын беруге көп мән беріліп жүр (арқасынан бастан асыра, аяғының астынан, т.б.). Доп беруді саусақтың белсенді қызметімен орындайды. Саусақпен беру қпен дәлдікке үпай қосады. Гандболдағы допты алып жүрудің баскетбол добын алып жүру- ден айырмашылығы жоқ. Тек турыс әдеттегіден жоғары болып келеді. Бір соіщылы алып жүру ойында жиі қолданылады. Қолдағы доппен үш қадам жасап, гандболшы допты еденге ұрады және оны сол сәтте қағып алып, ережеге сәйкес доппен үш қадам жасап ойынды жалғастырады. Финтпен, бұрылыспен үйлескенде бұлай алып жүру ойыншыға қарсыласпен бетпе-бет ұшырасқанда қолайлы турыста болуына көмектеседі. 277
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==