Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

және басқалар тәрізді жас дарынды ойыншылар шықты. 1961 ж Целиноград (қазіргі Астана) және Қарағандыда Қазақстанның облыстары мен қалаларынан 10 ерлер және 5 әйелдер командалары қатысқан кезекті республика чемпионаты өткізілді. Теміртаулық «Е» әйелдер командасы мен ҚазДТИ-ның ерлер командасы бүл жарыста да Қазақстан чемпионаты атанды. Олар еліміздің 6-шы чемпионатында біздің республикамыздың намысын қорғау қүқы- ғына ие болды. Ташкентте өткен аймақтық біріншілікте Өзбек- стан, Тәжікстан және Түркменияның қол добы шеберлерін артта қалдырған біздің қол добы шеберлері Куйбышевте өткен КСРО біріншілігінің финалына жолдама алды. Республиканың көптеген қалаларында бұрын Қазақстанның алдыңғы қатарлы қол допшы- лары болған жоғары білімді жаттықтырушылар пайда болды. Ақтөбеде-А.Белов, Жамбылда-В.Солянов және В.Бондаренко, Атырауда-А.Оразбаев, Петропавелда-Е.Жиров, Алматыда-Ю.Косо- лапов, Г.Авченко, С.Щербинин, А.Головин және басқалар. 1962 ж КСРО қол добы Федерациясы кіші гандболға (7x7) өтуге шешім қабылдады. Біздің гандболшылар 7x7 гандболынан КСРО-ның бірінші чемпионатына қатысты. 1963ж КСРО чемпионатының қоры- тындысы бойынша олар «А» тобының бірінші топшасына өтуге талпынды. Команданың сараптау турнирінде табысты өткізгенімен, салған және жіберіп алған доптарының есебі бойынша ригалық- тарды алға жіберді. 1963ж біздің гандболшылар 7-ші орын алып ДСО «Б»-ның күшті командалар сегіздігіне кірді. 1964ж ақпан айында Львов қаласында «Қысқы каникулдар» жүлдесін дәстүрлі сарапқа салуға қатысқанда Қазақстанның ерлер командасы бірінші рет 3-орын алады. Қазақстан кәсіподақтарының IV спартакиадасы бағдарламасында 32 қыздар және ерлер командасы қатысты. Команда тәсілдері елеулі өсті. Жоғары тәсілдік спортшылар пайда болды, олар: Қостанайлық В.Шевченко мен А.Авраменко, Жам- былдық Г.Рупаков, Қарағандылық - А.Шевляков және Н.Лалыкин, Шымкенттік гандболшы қыздар - Н.Высоцкая және Л.Игнатьева, Семейлік-В.Қайсақанов, алматылық гандболшы қыздар Т.Хохлова, Е.Ложенко, В.Пономарева, Г.Чашевой, В.Ботинкин, М.Дворников, А.Максюков және басқалар. 1966ж қазан айында ҚазССР спорт комитет! мен Ағарту министрлігінің шешімімен Алматыда арнайы спорт мектебі ашылды. Жаңадан ашылған мектепке материалдық 274

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==