Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Егер шабуылға 3-аймақ ойыншысы қатысса, онда оны ең алдымен 2,4 және 6 аймақ ойыншылары сақтандырады. Соққыға арналған екінші доп беруді 2-аймақ ойыншысы орындаса, онда 5-аймақ ойыншысы артқы сызықта қалады, ал 1-аймақ қорғаушысы сәл алға шығады. Егер екінші доп беруді 4-аймақтан орындаса, онда керісінше болады. Екінші нүсқа. 6-аймақ ойыншысы артқы жақтан қорғаныста ойнайды. 4-аймақ ойыншысы кез-келген доп берумен шабуылдайды. Сақтандыру үшін оған 3 және 5 аймақтың жақын ойыншылары жақындайды. Сонымен қатар 2 және 1 аймақ ойыншылары да алға жылжып, сақтандыруға дайын түрады. 6-аймақ қорғаушысы артқы сызыққа шығып, сол жерге үшып шығатын допты қабылдауға дайын. Егер 2-аймақ ойыншысы шабуыл жасаса, онда жақын сақтанды- рушылар - 3 және 1, сондай-ақ 4 және 5 аймақ аймақ ойыншылары; 6-аймақтың қорғаушысы артқы сызықта сақтандыру үшін қалады. 3-аймақ шабуылшысының соққысында оны 2 және 3 аймақ ойын- шлары мен 1 және 5 аймақ қорғаушылары сақтандырады, олар шабуыл сызығына жақындайды. 6-аймақ ойыншысы артқы сызықта қалады. Өзара іс-қимылдың бірінші және екінші нұсқаларының негізгі жағдайлары тәсілдік айла-шарғылар артқы сызық ойыншысы екінші доп берумен шығып ойналған жағдайда түрлі аймақтарда сақтан- дыруға ұқсас келеді, онда артқы сызық ойыншысы доп бергеннен кейін сақтандырушы роліне енеді. Мысалы, екінші доп беру үшін 1-аймақ ойыншысы торға қарай шықты . 3-аймақ шабуылшысы доп соғады. Оны 1-аймақтан шыққан ойыншы, сондай-ақ 2, 4, 6-аймақ- тың ойыншылары, егер алда ойнаса, 6-аймақ ойыншысы, егер артта ойнаса, 5-аймақ ойыншысы сақтандырады. Шабуыл мен қарсы шабуылда шабуылшыларды сақтандыру қажет болғанда мыналарды есте үстау қажет. 1. Барлық сақтандырушылар мына үлгі бойынша орналасады: шабуылшыға жақын түрғандар (бір-екі ойыншы), содан кейін екінші тізбек (екі-үш ойыншы) және ұшып шыққан допты соңына дейін жеткізетін артқы сызық ойыншщысы. 2. Барлық ойыншылар шабуылшыны сақтандыруға дайын- далуы тиіс. 3. Жақын түрған ойыншы жүрелеп отырып, төменнен доп қабылдау үшін алдын ала қолын созуы керек. 270

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==