2) 4-аймақта 4 және 3-аймақ ойыншылары тосқауылдайды. 5-аймақтың шеткі қорғаушысы сақтандыруға дайындалып, шабуыл сызығына жақын ауысады. Ол да қажет болған жағдайда 1 -аймақты сақтандырады. Оған 2-аймақтың ойыншысы көмекке дайын. 3) Тосқауылға шабуыл сызығының барлық үш ойыншысы қатысады (167-сурет). 1 және 5 аймақтың шеткі қорғаушысы шабуыл сызығына қарай жылжып, алдыңғы сызықтың барлық аймағын сақтандыруға дайындалады. Сақтандырудағы өзара қарым-қатынас әдістері түрлі әдістік амалдарды орындағанда кең қарастырылады. Мысалы, тасталған допты және шабуыл соққысын қабылдауда, өз шабуылшысын сақ- тандыруда. Тасталган допты қабылдайтын орынды ссщтандыру Мұнда өзара әрекеттің екі түрі кездеседі: 1) Басқаларынан әлсіз және әріптестеріне қарағанда тасталған допты қабылдау амалын жақсы меңгермеген ойыншы. Оны әдіс барысында қоршап, сақтандыру қажет. Бүл жағдайда әріптестері оның әрекет ету аймағын барынша ықшамдау керек. Бұл ойыншы алдыңғы сызықта түрып, шабуылда ойнау қажет болған жағдайда өте маңызды. 2) Тасталатын допты қабылдауды сақтандыруда әрбір ойыншы кенеттен бағытталған допты қабылдауға дайын болып, жанына немесе қапталына кенеттен үшып келген және сәтсіз қабылданған допты бере алуы тиіс. 268
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==