Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

2) . 3 және 2 аймақ ойыншылары 2-аймақта екі қатар тосқауыл қояды (165-сурет). 4-аймақ ойыншысы сақтандырады. Ол шамамен 2 және 3 аймақтың шекарасында түрады, бірақ ол шабуылдың барлық аймақтарындағы сақтандыруды қамтамасыз етеді, бірақ бүл өте күрделі. Шынында да біршама алға шығып, арасында 4-аймаққа да жауап беретін 5-аймақтың қорғаушысына сенім артылады. 3) . Бүл мысал да алдыңғыға ұқсас. 4 және 3 аймақ ойыншылары 4-аймақта тосқауыл қояды. 2-аймақ ойыншысы сақтандырады. Іс- қимылдар да сол сияқты. 2-аймақ ойыншысы 1-аймақтағы шеткі қорғаушы жағынан көмек күтуіне болады. Үшінші нұсқа. 1) Сақтандыруда 1 және 5 аймақтың ойыншылары, яғни шеткі қорғаушылар қатысады. Бүл нүсқада тек екі қатар және үштік тосқауылды сақтандыру қаратырылады. Бүл жағдайда шеткі қор- ғаушылар тосқауылдан бос ойыншылар көмектесетін негізгі сақ- тандырушылар болады. Тек шеткі қорғаушылар бір-біріне көмектесетін негізгі жағ- дайды қарастырамыз. Бұл жағдайда (166-сурет) тосқауыл қоюға 2-аймақта 3 және 2 аймақтан шыққан ойыншылар қатысады. 1-аймақтың шеткі қорғау- шысы сақтандыруға дайындалып, шабуыл сызығына жақын орынға ауысады. Мұнда ол шабуыл аймағына алдын ала жүгіріп бармай, күтеді, яғни соңғы сәтте сақтандырады. Қажет жағдайда оған 4-аймақ ойыншы көмектесуі тиіс. 267

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==