Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

оң және сол жағынан келетін допты қабылдауға дайындалып, алаңның ортаңғы бөлігінде түрады (162-сурет). 2) . 6-аймақ ойыншысы екі қатар тосқауылда сақтандырады. Бұл жағдайда оның іс-қимыл аймағы азаяды, себебі оған тосқауылға қатыспаған ойыншы көмектесуі мүмкін. Мысалы, 2-аймақта екі қатар тосқауыл. Сақтандырушы ойыншы осы аймақта орналасады және 2-аймақ пен 3-аймақтың жартысын- дағы сақтандыруға жауап береді. Егер жалған іс-қимыл мен тос- қауылдан келген соққы 4-аймаққа түссе, онда оны осы аймақтың ойыншысы қабылдауы керек (ІбЗ-сурет).егер екі қатар тосқауыл 4-аймақта қойылса, онда сақтандырушы ойыншы 4 және 3 аймаққа жауап береді. 162-сурет 3) . 6-аймақ ойыншысы жалаң тосқауылда кез-келген аймақты сақтандырады. Оның іс-қимыл аумағы азяды, себебі оған тосқа- уылға қатыспайтын екі ойыншы көмектеседі. Егер ол 3-аймақтағы тосқауылды сақтандырса, онда ол осы аймақтың ойыншысынан кейін шабуыл сызығында түрады (164-сурет); егер 2-аймақта болса, онда тосқауылшының оң жағына қарай, ал 4-аймақта болса, одан солға қарай орналасады. Екінші нұсқа. 1) . Тосқауылға қатыспайтын алдыңғы сызық ойыншысы сақтан- дырады. Жалаң тосқауылдғаы сақтандыру 6-аймақ ойыншысының сақтандыруындағы жалаң тосқауыл қоюмен толық сәйкес келеді. 266

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==