Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Қорғаушылар арасындағы міндеттемелер түрліше бөлінуі мүмкін: олардың бірі алаңның ортасына, келесісі бүйір сызығына, енді бірі алдағы соққыға бейім, келесісі беткі сызықттағы соққыға бейімдеу келеді және т.б. Ойын барысында ойыншылар аймақтан-аймаққа ауысып отырады. Қорғаушылардың сақтандырушылармен өзара әрекеті іс-қимыл- дардың жалпы ережелер мен нақты жағдайға сәйкес үйлесімділігі- мен көрінеді. Сонымен қатар олар мынаған байланысты: - сақтандырушы ойыншының орналасуы мен оның іс-қимыл аймағы; - сақтандырушылар саны; - қорғаушылардың орналасу орны; сақтандырушы ойыншының орын ауысу мүмкіндігі; қорғаушылар мен сақтандырушы ойыншылар арасындағы келісім. Қорғаушылардың сақтандырушылармен өзара әрекеті дәл болуы тиіс. Егер сақтандырушы ойыншы дер кезінде бастапқы немесе шешуші орынға тұрмаса, өзі орын ауыстырғанда келесі ойыншы- ларға кедергі жасаса, өз добын жіберіп алып, өзгенің добын алса, доптан ажырап қалуы мүмкін. Қорғаушылардың тосқауылшылармен өзара әрекеті көп жағ- дайда қорғаныстағы ойынның нәтижелілігін анықтайды. Қорғаушылар мен тосқауылшылар арасындағы өзара келісім түрліше болуы мүмкін. Мысалы, тосқауылшылар тек бүйір сызы- ғындағы, алаң ортасындағы күшті соққыларды немесе тек қиғаш берілген күшті соққыларды және т.б. жабуы мүмкін. Осыған сәйкес қорғаушы өз іс-қимыл аймағын біршама үлғайтуы мүмкін. Сақтандырудағы тосқауылшылардың өзара іс-қимылдары тос- қауыл қою аймағы мен сақтандырушылардың орналасуы қарай анықталады. Олардың бастапқы тұрысы қорғаныстағы қабылданған ойын жүйесімен анықталатын нақты өзара іс-қимыл ережесіне байланысты болады. Сақтандырушы ойыншылардың іс-қимыл ай- мағы олардың санына да байланысты болады. Бірінші пуска. 1) . сақтандыруда 6-аймақ ойыншысы қатысады. Үштік тос- қауылда тордың ортасында тек бір ойыншы сақтандырса, онда ол 265

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==