Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

шабуылшысы 3-аймақта соққы береді, онда ол бүл аймақта өте нәтижелі ойын көрсетеді. Тосқауылшылар 3-аймаққа қарай жылжиды (әсіресе 4-аймақ ойыншысы). 2-аймақ тосқауылшысы жарты жолда тұрады, себебі 4-аймақтағы қарсылас шабуылшысы қауіп төндіреді, бірақ 3-аймақтың шабуылшысына баса назар аударылады. Ойыншылар тордың ортасына үштік тосқауыл қояды. Және соңғы сәтте, егер берілген доп тордың шетіне түссе, 2 және 3 аймақ тосқауылшылары тез сол тұсқа өтеді (доп берудің жылдамдығы мен ұзақтығына қарай). 2) Қарсыласы екінші доп берумен 1-аймақтан шыққан ойын- шыға шабуылдап, күрделі тәсілдік айла-шарғы жасайды. Тордың шетіне көздеп доп беру, орталыққа төменнен доп беріп ойнау, доп берушінің артқы жағынан ойнау, шабуылшыларды қиылыса ауысуы және т.б. кездеседі. Әрбір тосқауылдаушы өзіне қатысты шабуылшыға орай орналасады. Тек соңғы сәтте шабуылдың негізгі бағыты белгілі болғаннан ғана тосқауылшылар екі қатар тосқауыл қояды. Шабуыл соққы.іарын қабылдаудагы топтьщ іс-қимылдар Бүл іс-қимылдар мына ойыншылардың өзара іс-қимылдарын қарастырады: қорғаушылардың өз арасында; қорғаушылардың сақтандырушылармен; қорғаушылардың тосқауылшылармен; сақтандырушылардың тосқауылшылармен; екі қатар сақтандыруда (аралас) сақтандырушылардың өз арасында. Шабуыл соққыларын қабылдауда орын таңдағанда қорғаушылар іс-қимылдың негізгі және қосымша аймақтарын анықтайтын ереже- лерді басшылыққ алады, яғни өз аймағыңа жауап беріп, әріптесіңе көмектесуге дайын бол қағидасы бойынша ойнайды. Қорғаушылардың өзара қарым-үатынасы соққылардың негізгі бағытымен анықталады, сондықтан іс-қимылдың мүмкін болатын нүсқаларын белгілейді. Мұнда ойын аймағы қорғаныс іс-қимылда- рын меңгеру шеберлігіне байланысты әркелкі бөлінуі мүмкін. Қорғаушылардың іс-қимыл аймағын ауыстыруы да мүкін, яғни белгілі бір аймақтың қорғаныс қимылдарында мамандану керек. 264

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==