Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

3. Қабыргада. Қабырғадан 2 м қашықтықта гұрыи, допты лақты- рып баспен қабырғаға, соққы 10-15 рет беріледі. 4. Ауадагы доп. Жаттығушы-лар екі-екеу жаттығады. Ойыншы- лар бір-біріне 3-4 м қашықтықта түрып, бір-біріне допты бас соққысы арқылы бағыттайды. Біртіндеп ара қашықтықты арттыра бастайды. 5. Сакина ішінде. Қақпа алдына баскетбол сақинасын және гимнастика сақинасын іліп, екі ойыншы екі жағына тұрады. Екі жақтан маңдай арқылы бір-біріне допты сақина арқылы бағыттайды. 6. Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты қисық траекториямен лақтырады, екіншісі баспен соққы беру арқылы кері қайтарады. Бес соққыдан соң орын алмасады. 7. Секірісте. Үш ойыншы жаттығады. А ойыншы В ойыншының артына орналасады. Б ойыншы олардан 3 м қашықтықтан қолмен допты лақтырады. В ойыншы А ойыншының үстінен баспен соққы беру арқылы допты кері қайтарады. А ойыншы пассивті түрде болады. 8-10 соққыдан соң орындары алмасады. 8. Қолдан ал. Олардың біреуі қолына доп ұстап, жоғары көтереді. Одан 3-4 м қашықтықта түрған ойыншы жүгіріп келіп, бас соққы- сымен допты қолдан түсіреді. 9. Лакгпырылган доп арқылы. Екі ойыншы жаттығады. А ойын- шыға доп лақтырылады. Одан 4-5 м қашықтықта Б ойыншы орналасады. Ол өзінің әріптесіне допты лақтырады, әріптесі допқа баспен соққы береді. Период бойынша әріптестер орын алмасады. 10. Допты қуалау. Ойыншылар шеңбер бойымен орналасып, ортаға бір ойыншы орналасады . Шетінен ортадағы ойыншы баспен соққы беру арқылы допты бір-біріне беріп шығады. Доп жерге түскен кезде ортадағы ойыншы орын алмасады. 11. Шнур арқылы. Колонна алдына екі бағанаға бекітілген, ойыншылардың басымен бірдей биіктікте таяқша ілінеді. Колона алдына доп үстаған А ойыншы тұрады. Ол допты лақтырады, колонна алдындағы ойыншы таяқшаға дейін жүгіріп келіп, допқа баспен соққы беріп, кері қайтарады . Соққы берілген соң ойыншы колонна соңына барып, тұрады. Соққыны келесі ойыншы береді т.с.с. 12. Үшбүрыш. Жаттығушылар топқа бөлінеді. Үш-үш ойыншы- дан 5 м қашықтыққа үшбүрыш түзеді. Эр топта доп болады. Ойын барысында допты бір-біріне жерге түсірмей бас арқылы соққы беріп 25

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==