Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

«Дужка». Бул жағдайда шабуыл соққысын тордың орталы- ғында орындайды, онда ойыншы бақылаушыдан шамамен бір жарым метр алға шығады. Соққыдан доптың ушу жолы бақылаушы мен шабуылшының арасында шағын доға жасайды, дәлірек айт- қанда соққыны доп беруші жағынан төменнен доп берумен орындайды. Кейде мундай айла-шарғыны «Меннен!» (бул буйрықты бақылаушы ойыншы береді), «Маған!» (мунда шабуылшы бақы- лаушының жанында секіреді) деп атайды. Түрлі ойын жағдайларында әрбір ойыншының өзара әрекетімен осы тәсілдік амалдардың барлығын көрсетудің өзіндік жолы бар. 3.5.1. Ойыншылардың қызметі Команданың іс-қимылын ұйымдастыру үшін ойыншылар ара- сындағы қызметті дұрыс белу қажет. Әрбір ойыншыны қалыптастыру екі бағыт бойынша жүреді: ойынның әмбебап дағдыларынды жетілдіру және жекелеген қыз- меттерді орындауға тән дағдыларды жетілдіру. Бул дағдылар өзара тығыз байланысты. Заманауй командада қызметті былайша бөледі: шабуылшы (бірінші және екінші екпіндегі) және байланыстырушы ойыншылар. Бірінші екпіндегі шабуылшылар - бул әрине, тұрақты және нәтижелі соққылар иесі. Әдетте ол төменнен доп беру шабуылында ойнайды. Бірінші екпіндегі шабуылшыға орталық тосқауылшының қыз- меті жүктеледі. Дара тосқауылда ол басқа ойыншылар тәрізді нақты қарсылас шабуылшысына қарсы тапсырма бойынша ойнайды. Бірінші екпіндегі шабуылшының қызметі біріншіден, барлық аймақтарда түрлі доп берумен әртүрлі шабуыл соққыларына, сондай- ақ оның дайындық деңгейінің біршама артуына байланысты кеңейеді. Екінші екпіндегі шабуылшы дайындығы әмбебап ойыншы, яғни дене дамуы жан-жақты, ширақ, тез бағдарлағыш, тәсілдік ойлау деңгейі жоғары болуы тиіс. Оның барлық аймақтағы шабуыл соқ- қылары көптеген күрделі тәсілдік айла-шарғыларға толы болады. Тосқауыл барысында екінші екпіндегі шабуылшыға артқы немесе орталық тосқауылшы қызметі жүктеледі. Олардың қызметі шабуыл мен қорғаныс іс-қимылдарын жетілдірумен кеңейеді. 242

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==