Көздеу. Бул термин аймақтан аймаққа немесе аймақ арқылы орындалып, тордың жанынан төменнен жылдам доп беру соққы- сын білдіреді. Жартылай көздеу - бір жарым метр шамасындағы биіктікте тордың жанынан үдемелі доп беру соққысы. Аймақтан аймаққа немесе аймақ арқылы доп берілуі мүмкін. Доптың үшу жылдам- дығы жылдам доп беруден төменірек, ал ұшу жолы біршама жо- ғары болады. «Толқын» және «тізбек» - біркелкі тәсілдік айла-шарғылар, бір- бірінен айырмашылығы шабуылшы ойыншылардың орналасуына қарай ерекшеленеді. Әдетте, нақты айла-шарғыға екі шабуылшы қатысады. Олардың бірі соққыға бірінші екпінмен шығады. Бірінші ойыншы секіріп, төмен түсе бастаған сәтте екінші ойыншы секіре бастайды. Әдетте, олар бір-бірінен бір-бір жарым метр шамасында секіреді. Олардың бірі допты үруы мүмкін. Егер доп үруды екінші шабуылшы орындаса, ол жағдайда бірінші ойыншы доп ұрғанда қалт кеткендей сезіледі. «Толқын» - бүл екі шабуылшы бір аймақта соққыны тордың жанында орындаған ойын сәті. «Тізбек». Бүл тәсілдік айла-шарғыны екі шабуылшы да доп соғу үшін торга қиылыса бір аймаққа бірінен кейін бірі шыққанда қолднады. Бірінші шабуылшы екінші шабуылшыға қалқан болады. Сондықтан бүл айла-шарғыны «қалқан» деп те атайды. Мүнда егер допты екінші ойыншы ұратын болса, онда допты алаңның түкпіріне бағыттайды. «Қиылысу». Бұл айла-шарғыда шабуылшылардың доп ұруға шыққан жолдары қиылысады. «Тікелей қиылысу». Оны доп соғу үшін алға доп беретін ойын- шының алдында түрған ойыншы бірінші болып шығып, ал екінші ойыншы оның жолымен қиылысатын кезде орындайды. Екінші шабуылшы бақылаушының алдында да және одан кейін де тұра береді. Кері «қиылысу» доп үруға бірінші болып бастапқыда доп берушінің арт жағында тұрып, бірақ оның алдында ойнайтын шабуылшы шыққанда орындалады. Екінші болып доп соғуға бақы- лаушының алдында түрған шабуылшы біріншінің жолына қиылыса шығады. Тік және кері «қиылысу» айла-шарғыларын доп беруші ойыншының алдында және оның артында түрып орындауға болады. 240
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==