3.5. Ойын тәсілі Ойын тәсілі - бүл команданың спорттық сайысын жеке, топтық және командалық іс-қимылдар көмегімен үйымдастыру болып табылады. Тәсілдің негізгі міндеті - ойынды белгілі бір қарсыласының қарсы нақты жағдайда жүргізудің құралдары, түрлері мен әдістерін анықтау болып саналады. Ойын тәсілі ойыншылардың әдістік шеберлігі деңгейімен анық- талады. Оның дамуындағы басты қозғаушы күш шабуыл мен қор- ғаныс арасындағы күрес болып табылады. Шабуылдың тиімді жаңа әдістері мен қүралдарын табу қорғаныстың да тиімді қүралдары мен әдістерін табуды талап етеді. Ойынды жүргізу құралдары барлық амалдар мен олардың орындалу әдістері болып есептеледі. Ойынды жүргізу әдістері деп ойыншылардың қарсыласымен сайыста қолданылатын жеке, топтық және командалық іс-қимыл- дарын атаймыз. Жеке іс-қимылдар - бүл ойыншының аталған ойын сәтінде белгілі бір тәсілдік міндетті шешуге бағытталған іс-әрекеті. Топтық іс-қимылдар - нақты міндетті атқаратын екі немесе бірнеше ойыншылардың өзара қарым-қатынасы. Командалық іс-қимылдар - бұл командадағы барлық ойын- шылардың қорғаныс пен шабуылдағы белгілі бір міндетті орын- дауға бағытталған өзара қарым-қатынасы. Ойын жүйесі - ойыншылардың қызметі мен олардың алаңда орналасуына негізделген іс-қимылдарын үйымдастыру. Тәсілдік айла-шарғы - бүл ойыншылардың шабуылға немесе бақылауға арналған шарттардың бірін қүруға бағытталған өзара қарым-қатынасы. Ойынды жүргізу түрлері - бұл ойынды жүргізудің белгілі бір ырғағы мен стилінде, ауысу мен үзілістің тәсілінде, ойын тәртібін сақтауда, белсенді күрес жүргізуде, т.б. көрінетін команданың іс- қимылының көріну сипаты. 238
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==