Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

- төменнен үдемелі доп берумен жылдам соққы бергенде («метр» - жартылай дәлдеу) - шабуылшы ойыншы тебілгенде ті- ректен аяқты ажырату немесе қолды бастан асыру сәті; - жылдам доп берумен жылдам соққы бергенде (ушу, дәлдеу) - шабуылшы ойыншымен бір мезетте; - бүйірден шабуылшы соққыда - шабуылшы ойыншының қолының соққы қимылын бастауы; - доп тастауда - доптың торга жақындауы (шамамен, шабуыл сызығына). Шабуыл соққысына қарсы тосқауылшының секіруін бастауына арналған барлық бағдарлар егер шабуылшы мен тосқауылшының бойының ұзындығы бірдей болғанда тиімді болады. Бойы темен тосқауылшы ойыншыға ертерек, ал бойы үзын ойыншыға сәл кеші- рек секіру керек. Кез-келген жекелеген жағдайларда бұндай түзе- тулерді ойын жағдайы мен шабуылшы ойыншының жеке ерек- шеліктерінен тыс ендіру қажет. Тосқауылдың тәсілдік орындалуындағы әдістік ерекшеліктер (тосқауыл түрлері) Заманауй ойында тосқауылды тиімді қолдану команда ойыны- ның әсерлілігін анықтыйды. Бұл қорғаныстың маңызды әдістік амалы. Оның тәсілдік міндеті қарсылас команданың шабуыл әрекетіне қарсы бірінші қорғаныс тізбегін қамтамасыз ету болып табылады. Тәсілдік міндеттерді жекелей шешу түрлері туралы: - команданың әлсіз түстарын қорғау (бос орынды, доп қа- былдау әдісі әлсіз ойыншыны, т.б.); бүл аймақтық тосқауыл, мүнда жылжымалы тосқауыл түрлерін қолданған дүрыс; - қарсыласының шабуыл соққысын бейтараптандыру, сол арқылы бүкіл алаңды қорғау, сол арқылы допты тұтып қалу тос- қауылы, мүнда да жылжымалы тосқауыл түрлерін қолданған жөн. Жылжымалы тосқауыл. Жылжымалы тосқауыл қозғалыссыз тосқауылға ұқсайды. Қол тордан асырылғаннан кейін оны доптың қорғаныста ойнап жатқан команданың алаңына қарай жолын бөгеу үшін ұшу жолының бағытына байланысты оңға немесе солға ауыстыруға болады. 237

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==