Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

үрған соққыларды тосқауылдауда да қолданылады. Доп жақында- ғанда қолдарды шынтақтан бүгіп, алға- жоғары қозғалтады. Соны- мен бірге саусақтарды білезік буынынан иіп, саусақтарды алға-төмен қозғалтады. Допты үрғанда саусақтар соққыны кері итеріп, допты қарсылас жағына алға-төмен қарай бағыттайды. Тосқауылды аяқта- ғаннан кейін саусақтарды жоғары көтеріп, ойыншы төмен түседі және бүгілген аяқтарымен қонады. 157-сурет 158-сурет Тосқауылдың маңызды элементтері секіру мен қолды тор үстіне қою үшін орын мен уақытты дүрыс таңдау болып табылады. Шабуыл соққыларына қарсы тосқауылды орындағанда орынды тосқауылшы шабуылдаған ойыншының жүгіріп келу сызығын ойша жалғастырып орналастыратындай етіп таңдалады. Әдетте, қолды ауыстырып жасаған шабуыл соққыларды тосқауылдауды топтық тәсілмен орындайды: бүл жағдайда секіру орнын соққыны жүріс- тен тосқауылдаушы ойыншы таңдайды, ал келесі ойыншы оған «жабыса» тұрады. Тастаған допқа қарсы тосқауылдыорындағанда тосқауылшы ойыншы орынды былай таңдайды, яғни соққымен доп тастаған ойыншының қолы сол орынға қарай бағытталатындай етіп таңдалады. Тосқауылшы ойыншының секіру уақытын таңдауы шабуылшы немесе доп тастаушы ойыншының іс-қимылымен анықтылады. Нақты бағдарлар мыналар: - торға жақын бағытталған доп берумен жылдам соққы бергенде - шабуылдаушы ойыншы қолын сермегенде қолын тік қойып қиылысу; - тордан алые доп берумен жылдам соққы бергенде - шабуыл ойыншы қолының соққы қимылдарының басы; 236

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==