Негізгі кезеңде ойыншы соқыға қарсы қозғалады, ол денені денені тік осьті айнала бүрып, оң иықты алға жібере орындалады. Осыдан кейін ойынға аяқтар қосылады: тізеден бүгілген аяқтар ойыншының денесін жоғары көтереді, оны сәл алға жіберіп және бүрылу қимылымен қатар ұратын қолға бастапқы жылдамдық береді. Сосын оң қолды ойынға қосады: сермеу қимылымен доппен кез- десетін орынға жетеді. Қолды жіберумен бірге дене салмағын алда тұрған аяққа түсіреді, ал дене ЖДО-ң жобасы тіректің алдыңғы шегіне түсіріледі. Допты соғу қимылын доп алға-жоғары қатты үшатындай етіп саусаққа күш сала орындайды. Саусақтар допты толық қамтып, оның шығып кетпеуін қамтамасыз етуі керек, қол мен білек соғу кезінде бірегей иінтірек құрайды. Допты лақтыру, сермеу және соғу қимылдарының орындалу сәті үйлесімді келеді. Бүндай үйлесімнің үш түрі бар. Бірінші жағдайда ойыншы алдымен допты лақтырып, сосын сермеп, допты үрады. Бүндай үйлесім жағңадан бастаған ойыншыларға тән және тиімді емес. Екінші жағдайда ойыншы алдымен сермеп, сосын допты лақтырып, допты соғады. Бүндай үйлесім дәл доп тастауда және кейбір жоспарлы доп тастауда орындалады. Үшінші жағ- дайда доп лақтыру мен сермеуді бір мезгілде орындап, сосын допты соғады. Бұндай үйлесім үйлестіру жағынан өте күрделі, бірақ үйымдастыру жағынан тиімді. Доп үшқаннан кейін қол қимылын жалғастырып, оны лақтыру бағытына қарай созады; ал аяқтар тік қалпын сақтайды. Доптың үшу бағытын бақылау үшін көз, созылған қолдың саусақтары мен тордың жоғарғы жиегі санада тік сызық құратындай амал пайдаланған дүрыс. Қорытынды кезеңде қолды түсірумен бірге жаңа қимылдарға тез өту үшін алаңда қадам жасауға болады. Доп тастаудың төрт әдісі бар. Төменнен тік доп тастау. Мұнда допты соғу ойыншы торга қарап түрғанда иық буынының осінен томен орындалады. Допты бастан жогары 0,5 м биіктікке дейін алға қарай лақтырады. Сермеуді тірекпен қиылысқан жазықтықта артқа және сәл жоғары орындайды. Соққы бел деңгейінде оң қолдың сермеу қимылымен арттан- төмен-алға қарай жасалады және допты төменнен-артынан лақ- тырады. Ұрғаннан кейін қолды доп тастаған бағытына қарай созып, сосын осы қалыпта белгілейді (140-сурет). 214
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==