Қарғу (секіру) - тірексіз кезеңде кең қадамдау. әрине, қарғу қадамдап немесе жүгірумен бірге жасалады. Ауысуды тез тоқтату үшін қарғумен аяқтайды. 3.3.2. Допты иемдену әдісі Доп тастау Доп тастау допты ойынға қосатын әдістік амал. Доп тастау- дағы жекелеген әдістер амалының айырмашылығына қарамастан олардың орындалу қимылдарында бірқатар заңдылықтар бар. Доп тастар алдында ойыншы орнықты тұрып, сол аяғының алдына бір қадам алшақтықта оң аяғын қояды. Тізеден бүгілген аяқтарын шамамен иық деңгейінде орналастырады. Ал дене тік оське 45 ° бүрыш жасайды, сол иық оң иықтың алдына шығады, бүл келесі соққы қимылына үлкен ықпал береді. Төменнен доп тастағанда кеуде сәл алға еңкейеді, биіктен доп тастағанда кеуде тік қалпын сақтайды. Дене салмағы екі аяққа тең түседі, ойыншы денесінің ЖДС-ы тірек алаңының ортасына түседі. Сол қол шынтақтан бүгі- ліп, шынтақ кеудеден алшақ тұрады, ал саусақтар сол аяқтың үшы- ның деңгейінде тұрады. Оң қол сермеуге дайындалады. Доп тастаудағы маңызды нәрсе - допты лақтыра білу. әдістегі көптеген қателер осы доп лақтыруда кетеді және ол келесі допты соғу қимылдарына эсер етеді. Жақсы соққыны орындау үшін мына жағдайларды сақтау қажет: - төменнен жоғары берілген доптың ұшу жолы тік үшуға ұқсайды, ол үшін лақтырған кезде саусақ барлық қалпында тірекпен қатар болуы тиіс; - доп лақтыруды қолдың толқынды қимылымен жылдамдығын бірте-бірте үдетіп орындау қажет, яғни бұл лақтырылған доптың үшу жолы мен биіктігін дүрыс реттеуге көмектеседі. Сермеу қолды алдағы соққы қимылына тиісті жазыққа артқа қарай жіберіп орындалады, мұнда оң иықты қаттырақ артқа жібереді. Сермеумен бірге ойыншы дене салмағын артта түрған аяғына жібереді, дененің ЖДО-сының жобасы тіректің артқы шегіне ауысады. Екі аяқ та тізеден бүгіледі, ал артқы аяқты қаттырақ бүгеді. Сосын аз ғана үзіліс жасалады. 213
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==