Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Орнықсыз тұрыс - екі аяқ негізгі тұрысқа бара-бар бір дең- гейде орналасқан. Ойыншы не аяқ ұшына, не табанымен толық түрады; алайда соңғы айтылған жағдайда дене салмағы екі аяқтың да алдыңғы үштен бір бөлігіне түсуі мүмкін. Аяқ тізеден бүгілген, қолдар шынтақтан бүгіліп, алға ұмтылған. Белгілі бір қалыпта түрып, ойыншы ауысуға дейін қозғалмай түруы мүмкін немесе екі аяғына кезек салмақ салып, тіпті екі аяқ- пен секіріп, орнында қозғалып түруы мүмкін, осының барлығы аяқтың бұлшықетінің іс-қимылын белсендіріп, ауысуды тез бас- тауға көмектеседі. Бүндай түрыстарды түрыстық және қозғалыс- тық деп атайды. Сөрелік түрыстардың ерекшеліктері мыналар: сөрелік түрыс қалпынан кез-келген жаққа қозғала бастаған барлық жағдайда қарапайым қалыпқа қарағанда, дәл, әрі тез қимыл атқаруға болады; сөрелік тұрыс қалпынан бастағанға қарағанда қозғалыстық түрыс қалпынан қимылды бастау тез болады; тұрыстың ерекшелігіне қарамастан қапталға қарай қозғалу жылдамдығы сатылық сипатта жүреді: алға-солға- оңға-артқа; негізгі тұрыс ең тиімдісі саналады (түрыстық, қозғалыстық). Түрлі әдістік амалдарды орындау барысында түрлі ойын жағ- дайларында сөрелік тұрыстың барлық түрлері пайдаланылады. Ауысу. Алаңда ауысу жүру, жүгіру, секірумен орындалады. Жүру - ойыншы бүгілген қадаммен ауысады. Қарапайым қадамға қарағанда мұнда тізеден жартылай бүгілген аяқты алға жібереді. Бұл дененің ЖСО-ң тік қалыпта тербелуін болдырмауға және әдістік амалдарды орындау үшін бастапқы қалыпқа тез келуге көмектеседі. Қарапайым қадаммен қоса біріздіжәне қайшылау қадамын қолданған дүрыс. Жүгіру сөрелік шапшаңдық алумен, жақынараға ауысумен, бағыттар мен аялдаулардың күрт алмасуымен сипатталады. Оны да жақынараға күрт ауысқанда шапшаңдығын сақтауға көмектесетін жартылай бүгілген қадаммен орындайды. Соңғы жүгіру қадамы үзындығы бойынша шағын болып, шабуыл соққысындағы секірмелі қадамға үқсас алға ұмтылған аяғымен тежеліп аяқталады. Бүл ауысқаннан кейін бүрылуға немесе оның бағытын күрт өзгертуге мүмкіндік береді. 212

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==