3.3. Шабуыл әдісі 3.3.1. Ауысу әдісі Кез-келген әдістік амалды атқаратын кезде волейболшы алаңда орын ауыстырады. Бүндай орын ауыстырудың негізгі мақсаты - әдістік амалдарды орындау үшін орын таңдау. Ауысу әдісі сөрелік түрыс пен ауысудың түрлі әдістерін қарастырады. Сөрелік і үрыс. Оның міндеті - ауысуға барынша дайындық. Егер ойыншы қимылды бастауға жеңіл болатын қалыптағы түрақ- сыз қалыпқа келгенде бүл мүмкін болады. Қажетті түрысты орындау үшін шағын тірек алаңы мен аяқты тізеден сәл бүгу керек. Ол қимыл басында бір аяқпен тіректен тебілуді орындап, дененің ЖСО-ғын тірек шегінен тез шығарып және күш салмастан кез- келген жағына тез орын ауыстыруды бастауы қажет. Орнықты тұрыс - бір аяқты (көп жағдайда күшті қолға қарсы жақтағы аяқты) екіншісінің алдына қояды. Ойыншы денесінің ЖСО тірек алаңының ортасына, екі аяқтың ортасына қойылады, қол шынтақтан бүгіліп, алға үмтылған. Негізгі тұрыс - екі аяқ бір деңгейде түрып, табандар бір-бірінен 20-30 см қашықтықта қатар қойылған. Ойыншы денесіні ЖСО тірек орталығына ауысып, дене салмағы тізеден бүгілген екі аяққа түседі. Түлға алға сәл еңкейген, шынтақтан бүгілген қол кеудеден алға үмтылған (139-сурет). 139-сурет Негізгі түрыс 211
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==