Бастапқы қалыптың негізгі міндеті (мүнда, сөрелік тұрыс ту- ралы) келесі ауысуға барынша дайындық жасау болып табылады. Сөрелік түрыс аяқты тізеден бүгу темен (жамбас пен тізе арасындағы бұрыш кем дегенде 90°), жоғары (135°-тан жоғары) және орта (90-135°) болып бөлінеді. Дайындық кезеңінде іс-қимыл атал- ған әдістік амалдың маңызды міндетін іске асыру үшін жақсы жағдай тудыруға бағытталған. Ойыншы ұшқан доппен үшырасу нүктесіне ауысады және кездескендегі соғу қимылын орындау үшін лайықты қалыпқа (жұмысшы қалпына) келеді. Негізгі (жүмысшы) кезеңінде іс-қимыл әдістік амалдардың маңызды міндеттерін жүзеге асыруға, яғни ойыншының доппен кездескендегі соғу қимылымен өзара үйлесуіне бағытталған. Қорытынды кезеңдегі әдістік амалдарды орындау аяқталып, ойыншы жаңа қимылдарға көшеді. Кез-келген кезең одан да кіші бөліктерге, яғни кіші кезеңдерге бөлінеді (мысалы, әдістік амалдардың дайындық кезеңіндегі жүгі- ріп келу мен секіру - «шабуыл соққысы»), Волейболшының іс-қимылы сыртқы ортаның белсенді ықпалы арқылы өтеді, себебі көп жағдайда бұндай ықпалдар бұзушы эсер ретінде болып, әдістік амалдардың орындалу нэтижесін нашарла- тады (сапасы, дәлдігі, т.б.). Яғни шектен тыс шудың әсері нэти- жені 10 %-ға, нашар түскен жарық 20%-ға, ойыншының шаршағаны 40%-ға, қозғалыс екпінін өзгерту 26%-ға нашарлатады, т.б. ойын- шының шеберлігі жетілген сайын бүзушы ықпалдардың әсері азаяды. әдістік амалдарды орындау тұрақтылығы, сол арқылы нәти- женің тұрақтылығы эрбір амалдың негізгі (жүмысшы) кезеңнің орындалуымен байланысады (негізгі сипаттардың өзгермелі коэффициент! - 11-13%). Кез-келген эдістік амалдың дайындық кезеңі- нің негізгі міндеттерінің бірі аталған амалдың ойынның өзгер- мелі жағдайларына бейімделуі болып табылады, осыған байла- нысты оның өзгеру деңгейі өте жоғары (негізгі сипаттардың өзгермелі коэффициент! - 51-54%). Бұл сэттердің барлығын эдістік амалдарды оқыту мен оны жетілдіру барысында ескеру қажет. 210
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==