Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Әдістік амалдар - бүл құрылымы бойыиша үқсас және біркелкі міндеттерді шешуге бағытталған тиімді іс-қимылдар жүйесі. Әрбір әдістік амал іс-қимылдың орындалу сипаты бойығіша бір-бірінен ерекшеленетін іс-әрекет әдісін қарастырады. Бүл деңгейде негізгі жіктеуші белгілер: соққы қимылдарына қатысатын екі қолдар, допты ұратын қол саусақтарының орыны, ойыншының торға қарай орналасуы және т.б. әдістердің көптүрлілігі әдістердің сипаттарын жекелей қарастырып, әдісті орындау шартының түрлі амалдарына қарай қимылдарды сипаттайды, яғни: тірекке қатынасы, аталған амал орындалар алдындағы доп беру орындары және т.б. Әдістердің нүсқалары доптың нәтижелік үшу жолының белгілері бойынша әдістік амаладың орындалу ерекшелігін сипаттайтын, жіктеудің қорытынды деңгейі: үшу бағыты, ұшу ерекшелігі және т.б. Бұл деңгей амалдардың тәсілдік орындалу ерекшелігін сипаттайды. Жіктеудің әр деңгейінің белгілері бойынша мүмкіншіліктерді пішіндік таңдау әдісін пайдалана отырып, барлық әдістік амалдар- дың толық тізімін алуға болады, бүл оқу-жаттығу барысы үшін өте маңызды. Демек, жылдық айналымның сатылары мен кезеңдері бойынша түрлі қызметтегі ойыншылардың әдістік дайындығын бағ- дарлау мүмкіндігі туындайды, дайындықтың басқа жақтарымен (дене, тәсілдік) әдістік дайындықтың өзара байланысы көрінеді. Әрбір әдістік амал іс-қимыл жүйесін қарастырады, яғни өзара тығыз байланысты (жүйе қүрылымы) бөліктерден (жүйе күрамы) құралған бір бүтін дүние болып саналады. Әдістерді зерттеудің жүйелік-қүрылымдық амалы жүйе құрамы мен оның қүрылымын талдауды қарастырады: кинематикалық (уақыт пен кеңістікіс- үимылдың өзара әрекеті), динамикалық (белсенді және реактивті күштердің пайда болуы және олардың өзара қарым-қатынасы), фазалық (іс-қимылдың жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті мен бірізділігі) және т.б. Фаза - бүл белгілі бір шегі бар, айқын мін- детті атқаратын іс-қимылдың уақыт бойынша жасалу жүйесі. Волейболдың әдістік амалдарын қарастыратын біркелкі іс-қимыл- дарда дайындық, негізгі (жұмыс кезеңі) және қорытынды кезең болып бөлінеді. Бастапқы қалыппен бірге ол әр амалдың іс-қимыл қүрамын қүрайды. 209

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==