Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Команда ойыншыларының үлкен бөлігі әртүрлі КСРО қүра- масына шақыртыла бастады. Олардың құрамында Е.Чебукина, О.Кривашеева, И.Ризен, Л.Перевертова, С.Лихалетова, Л.Носенка болды, ал бұған дейін аға буын өкілдері Н.Смолеева, Л.Береген олимпиада ойындарының, әлем және Европаның чемпионы мен жүлдегерлері болды. Осындай волейболшыларға дайындағаны үшін Н.Щербаковаға КСРО ЕЖ деген жоғары атақ берілді. 1985 жылы Алматылық волейболшылар Европа чемпионаты - ның кубогін жеңіп алып жаңа шынды бағындарды, сонан соң үш дүркін 1989, 90 және 1991 жылдары Европа елдерінің кубогін жеңіп кубок игерлері атанды. Қазақстан командасының қүрамында (2003 ж. 01.01 дейін) жеті КСРО-ның ЕССШ (О. Антропов, В.Кравченко, Ж.Саурамбаев, Н.Смолеева, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Т.Меньшова), 24 ХДСШ, 60-тан астам КСРО СШ тәрбиеленді. 1959 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 6 КСРО-ның ЕЖ (О.Жарлығапов, К.Войнов, З.Жаркешев, Н.Щербакова, Е.Кольченко, Е.Лавкин), 29ҚР ЕЖ, 2 халықаралық дәрежедегі төреші, 9 бүкілодақтық дәрежедегі төреші тәрбиеленді. Волейболды арықарай дамыту бойынша елі- мізде 1991 жылдан бастап мықты жаттықтырушылардан тұратын облыстық тірек орталықтары пайда болды. 3.2. Ойын әдістерінің негізгі ұғымдары мен жіктелуі Жіктеу - бүл үқсас белгілері негізінде топтар бойынша іс- қимылдың бірыңғай амалдары мен әдістерін белу болып табылады (1 -сурет). Ойын әдістері іс-қимылдарын үйымдастырудың белгілері бойынша оны екі бөлімге бөледі: шабуыл әдісі мен қорғаныс әдісі. Өз кезегінде бүл бөлімдердің өзі екі топтан түрады: ауысу әдісі мен допты иемдену әдісі (қарсы түру әдісі). Эр топ бірнеше амалдар- дан құралады: ауысу әдіснде төрт топ бар (сөрелік тұрыс, жүру, жүгіру, серпілу), шабуыл әдісінде үш топ бар (доп тастау, доп беру, шабуыл соққысы), қорғаныс әдісінде екі топ (доп қабылдау, тосқауыл) бар. 208

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==