нәтижелігі - сенсомоторлық жауап беру көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Ойыншылар үшін болжамды болып табылатыны: таңдау реакциясы, болжамның мүмкіндік реакциясы, алдын ала көру реакциясы және «уақытты сезіну». Баскетболшының қимылдың кеңістік - уақыт белгілері дәл бағалауы алдын ала көре білу реакциясымен сипатталады. «Уақытты сезіну» интегративті сенсомоторлық көрсеткіш болып табылады. Ойын белсенді қарсылық көрсетуде және жағдайдың үнемі ауысуында жүргізіледі. Осыған байланысты алдыңғы кезекке ойыншылардың жедел және тәсілдік ойлауына қойылатын талап- тар шығады. Баскетболшының тәсілдік ойлауының ерекшеліктері спортшы тәсілдік дағдыны пайдаланып, өз ойын іс - қимылға айналдырып, соның артынша олардың нәтижелерін көруімен анықталады. Ойлау процесінің шапшаңдығы-баскетболдағы тәсілдік ойлау ерекшелігінің маңызды түрі. Ойлау процесінің шапшаңдық ерек- шелігі мынадын көрінеді: - қажет болған жағдайда ойын жағдайының барлық сипатта- масын сол сәтте бағалау қажеттігінде; - жағдайды өзгерту мүмкіндігі есебінен қажеттігінде; - ұзақ уақыт көңіл күйге қысым түскен жағдайда шешім қабылдауда. Сонымен, спорттық іс - қимыл әсерлігі тәуелді болатын барлық психикалық қүбылыстар психологиялық ықпалға әкелуі тиіс. 201
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==