Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

шеберлікті игерудегі табандылық, батылдық пен өзін - өзі үстай білуі, шешімталдық пен бастамашылдық, түрақтылық пен ұстанымдылық. Психологиялық дайындық барысында тұрғын - жайы, жат- тықтыру мен жарыстың түрлі жағдайларында көңіл - күй түрақ- тылығы қалыптасады. Спортшыларды жарысқа психологиялық түрғыдан дайында- ғанда жаттықтырушы оларға жарысқа қатысудың мақсаты мен мін- деттерін, жарыс алдындағы дайындықтың шарттары мен мазмүнын, дайындықтың жоғары деңгейінің ойындағы маңызын, ойыншылар- дың психологиялық жағдайын жақсарту үшін жаттықтыру жүкте- месі мен дайындық құралдарының реттелуін, маусымның негізгі жарыс шарттарын үлгілеп түсіндіріп, өзіндік бақылаудың маңызы мен мазмұны туралы әңгімелейді, өзіндік бақылау мен өзіндік реттелудің және оларды жүйелі жаттықтыру әдістеріне үйретеді. Спортшының жүйке психикалық қалпына келуін басқару барысында жүйке - психикалық қысымы төмендейді, жүктемелі жаттықтырудан соң психикалық жұмыс қабілеті қалпына келеді, ойын көрсету арасындағы үзілістерде өзіндік қалпына келу қабілеті қалыптасады. Жүйке - психикалық қалпына келу сөз арқылы демалыс, ауысу, тынығу және басқа құралдар көмегімен іске асырылады. Осы мақсатта күн тәртібінде ЖДД қүралдарын, мәдени демалыс, көңіл көтеру, аутотренинг жүйесі құралдарын тиімді сәйкестікте пайдаланады. Психо- педагогикалық ықпалдардың қүралдары мен әдістері баскетболшылардың жыл бойындағы дайындықтарының барлық сатыларында пайдаланылып, үнемі қайталанып, жетілдіруі тиіс. Олардың кейбіреулері оқыту мен жаттықтырудың қандай да бір сатысында, әсіресе жарысқа дайындықта және оған қатысқанда, көптеген жаттықтыру және жарыс жүктемелерінен соң қалпына келтіруде зор маңызға ие болады. Спортшы ағзасындағы жүйке - психика процестерінің жүру ерекшеліктері туралы айтқанда, баскетболшылардың арнайы ерек- шеліктерінің құрамдас бөліктері күрделі реакция болып табы- латынын ескерте кету керек. Доп беру, доп салу, допты іріктеу, түрлі қашықтықтардан доп салу, т.б. тәрізді ойын әрекеттерінің 200

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==