Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

- ойлы тәуекелге бел буып кенеттен, шешімтал және тез қимылдау; -ке з - келген жағдайда тәсілдік ойлаудың айқындылығы мен дербестігін сақтау; - қарсыласының жігерін жасайтын, бастаманы өз қолына алу; - қарсыласына өз мүмкіндіктері мен ішкі ойы туралы қате пікір қалыптастыру; - қарсыласына ол үшін қолайсыз ойын сипаты мен іс - қимыл тудыру; - жеке іс - қимылдарын жалпы командалық ойын жүргізумен үнемі үйлестіру. 2.9.9. Психологиялық дайындық Спортшының психологиялық дайндығы спортшының жалпы (жыл айналымдық) дайындығын, жарыстарға психологиялық дайын- дығын, спортшының жүйке - психологиясының қалпына келуін басқаруын қарастырады. Жалпы психологиялық дайындық міндеттеріне спортшының жеке түлғасы мен адамдар арасындағы қатынасты қалыптастыру, спорттық ақыл - ойдың дамуы, арнайы психологиялық қызмет пен психомоторлық сапалар дамуы жатады. Психологиялық дайындық барысында әрбір ойыншы мен ко- мандада арнайы рухани - психикалық сапа қалыптасады. Оған спортқа деген тұрақты қызығушылық, жаттықтыру ережесін сақ- таудағы тәртіптілік, жаттықтырушы мен үжым алдындағы бо- рышы, дайындық жоспарын орындауға жауапкершілікті сезінуі және жарыстарға қатысу нәтижесі, еңбек сүйгіштігі мен мұқият- тылығы жатады. Жаттықтырушы спортщыларда тілтабысқыштық, жолдастарын қүрметтеу, жаттықтырушысын қүрметгеу, оларға жақсы көзқа- раста болу, өзіне және басқаларға талап қойғыштық, өзіндік сын, спортты сүю мен өзіндік тәрбиеге үмтылу тәрізді маңызды сапа- ларды қалыптастырады. Дайындық барысында және жарыстарда ерік сапалары тәрбие- ленеді, олар: мақсатқа үмтылушылық, дайындықтағы дербестік, 199

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==