Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

4) Команданың негізгі құрамына алған тәсілдік тапсырмала- рын дәл орындауын талап етіп, резервтегі ойыншыларды кезеңі- мен ендіру. 5) Алдын ала келісілген белгі бойынша бір тәсілдік айла - шарғы мен түрінен екіншісінен екіншісіне өтуді пайдалану. 6) Оқушылар үшін күтпеген жердей, тез ауысуды талап ететін ойын жағдайына өту. Жағдайды күрт өзгерту немесе қарсыласының жаңа тәсілдік жүйе қолдануы ойыншылардың жедел ауысуы үшін қиындық тудырып, мақсатты дайындық талап етеді. Оқу ойынында ойыншыларды ауысуда жетілдіру үшін күтпеген оқиғалармен күрделендірудің белгілі бір әдістемелік бірізділігін пайдалану керек. Осы мақсатта сәл алдында ғана меңгерген, әлі іс - тәжірибе амалдарына толық енбеген ауысуды негіздейтін күтпеген тәсілдік өзара іс - қимыл қолданылады. 7) Финалдық күшті қолдану. Бүл амал оқушыларда матчтың шешу сәттерінде қүлшыныс іскерлігін қалыптастыруға және жет- кен жетістігін бекіту үлкен күш жүмсауды бірнеше рет қайталап, өз күшін тез даярлауға бағытталған. 8) Ойынға тыныққан ойыншыларды кіргізіп отыру. 9) Оқушылардың қысқарған және үзарған ойын ережелері негі- зінде оқу жарыстарына қатысуын үйымдастыру. Аталған әдістеме- лік амалды ойынға кез - келген уақытта кіріп және команда пай- дасы үшін қажетті кезең барысында іс - қимыл көрсетіп және демалыс үзілістерін қалпына келтіру үшін тиімді пайдалану іскер- лігін қалыптастыруға пайдаланады. Кез - келген оқу ойыны барысында жаттықтырушы допсыз ойыншының қимыл белсенділігі мен оның дүрыстығына сондай-ақ, шабуылдан қорғанысқа өтуіне, екі қалқанда да үшып шыққан доп үшін белсенді күрес жүргізуіне назар аударуы керек. Бұндай ойындарда баскетболшыларға қойылатын негізгі талаптар: -бе лсенді болу, бүның астарында қарсыласымен тәсілдік кү- рестің өткірлігі мен үздіксіздігін түсініп, ойын жүргізуге үнемі дайын болып, барлық жағынан қарсыластың кез - келген іс - қимылына кедергі жасау керектігін үғыну; -уа қыт тар болып, мәлімет шектеулі болған жағдайда жарыстың даму барысын алдын ала көре білу, мүмкін болжамды әріптестері мен қарсыластарының іс - қимылымен жүзеге асыру; 198

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==