2.9.8. Ойын дайындығы Ойын дайындығы баскетболшылардың спорттық дайындығы- ның интегралдық түрі болып табылады. Ол күрес жүргізу іскерлі- гін жетілдіруге бағытталған. Ойын дайындығының басты қү- ралы -жаттықтырушының арнайы ұйымдастырып басқарған екі жақты оқу ойыны. Оқу ойындағы баскетболшылардың негізгі мін- деті - күресті жүргізу іскерлігін меңгеріп, ойын барысын қадаға- лап, кездейсоқ пен қосымшадан маңызы мен мәнін ажьхратып, нәтижеге жету болып табылады. Ойын дайындығының міндеттері: 1) Күшті белу іскерлігін жетілдіру, ол іскерлікті өз күші мен мүмкіндігінің шамасына қарай қалыптастыруды, қимыл әрекетіне қысым түсіру мен тынықтыру кезеңдерін үйлестіруді үсынады. 2) Жеке іс - қимылдар мен командадағы әріптестерімен өзара іс - әрекетін жетілдіру, ол ойынның жасалған жоспарын немесе жаттықтырушының жедел тапсырмаларын іске асыруға қүрылады. 3) Меңгерген тәсілдік жүйені, айла - шарғы мен оның түрлерін пайдалануды жетілдіру. Ойын дайындығын басқару үшін бақылау тапсырмаларын орын- дағанда ойын шарттарын жеңілдетіп, уақыт пен кеңістікті қолдан шектеп, жарыстық қиындықтарды ұлғайтып, бүзушы ықпалдарды пайдаланып, баскетболшылардың орындаған ойын тапсырмаларын сапа және сан жағынан бақылап, оларды сәтті орындағанына қолдау көрсетуге үсынылады. Ойын дайындығының ықпалын көтеру үшін әдістемелік амал- дар кешенін қолданған дүрыс: 1) Оқу тапсырмасына ойынды жүргізудің таңдаған жобасын немесе бұзушы ықпалдары бағындырумен жоспары өзара іс - қимылын жүйесін міндетті түрде атқарумен байлнысты тапсырма- лар ендіру. 2) Оқу ойынын болашақ басты қарсыласының қолдануы мүмкін тәсілдік жоспары бойынша жүмыс жасайтын әріптесімен жүргізу. 3) Жалпы командалық ойын тапсырмасын шешуге көмектесетін спортшыларға нақты тапсырмалар беру. 197
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==